Úı ANONS Шымкентте 69 млн. теңгеге жуық қаржы қолды болған

Шымкентте 69 млн. теңгеге жуық қаржы қолды болған

Шымкентте әлеуметтік ұн саудасында 69 млн. жуық теңгені қалтаға басқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Тексеріс барысында 3 мың тонна 1 сұрыпты ұн өткізу кезінде жалған ақпарат көрсеткені анықталды. Қазір жауапты мамандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА баспасөз қызметінің өкілі: “Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері: «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн. 800 мың теңгені құрады. Тергеу жалғасуда”.