«Бекжан» базарының сатушылары өтемақы алуда

222
халық осылайша өз кезегін күтуде

Өртеніп кеткен «Бекжан» базарының сатушылары өтемақыларын алып жатыр. Сауда орнының басшылығы мен қала билігі тарапынан бөлінген қаржыдан сенбі күні 92 миллион, ал жексенбі күні 74 миллион теңге тілсіз жаудан зардап шеккендерге таратылып берілуде.

Саудагерлерді түсінгендіктен болар әр қайсысына өтемақы төленіп жатыр. 300 мың теңгеден. Өрттің зардабын тартқандар кезекке тұрып, арнайы талон бойынша өзіне тиесілі қаражатын алуы тиіс болатын. Бірақ бұл жерден де ши шықты.

 Ләйлә, сатушы:  «Банкте кредитім бар, оны кім төлейді? Бүгін келсек, ертең келіңдер дейді, ертең келсек ар күні… маған талон берді 2218 деген, қазір 200-ші ғана кірген, мен сонда қашан аламын?»

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, алғашқы күні 400-ге жуық сатушы қаржысын алса, келесі күні де бұл жұмыс жалғасты. Алайда кезекке тұрғандар арасында қып-қызыл дау болды. Шу шығарған — кезегін күтіп зәрезап болғандар.

«Ең басты зардап шегуші мен». Жұрт шулап жатқанда базар басшысы осылай деп қалды. Соған қарамай көмектесіп жатырмын деп басу айтты.

Әмірхан Шүменов,»Бекжан» базарының құрылтайшысы:»Менің қазіргі таңда 40-50 миллион долларға шығындалып отырмын. Ең көп зардап шеккен ол мен, сонда да халыққа көмектесіп жатырмын.»

Әр саудагер өзіне тиесілі өтемақысын үш күн ішінде алады деп сендірді басшылық. Одан бөлек әкімшілік қызметкерлері де бір күндік жалақысын бөліп, зардап шеккендерге қол ұшын созбақ.

 Қайрат Молдасейтов, қала әкімі: «Үш күннен бері 300 мың теңгеден беріп жатырмыз. Ол әрине, сатушының орнына байланысты. Жарты орны барлар бұл сомманың жартысын алады. Оның үстіне, қайрымдылық ретінде біз де бір күндік айлығымызды бөліп, арнайы қор құрмақпыз.»

Облысымыздың қалталы азаматтарын да қайырымыдылаққа шақыру қажет. Базар басшылығы осылайша зардап шеккендерді тығырықтан алып шығуға болатынына сенеді. Ал әзірге олар 300 мың теңгенің өзіне қанағат етуге мәжбүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2V4Q3XZorwY[/youtube]