Әнші Ақбота Керімбекова Қордай ауданында концерттік кеш берді. Ендігі сапардың бағытын әнші Тараз қаласына бұрып отыр. Сәтін салса Шымкент қаласына да келмек. Ақбота сұқбат барысында үй салып жатқанында айтып қалды.
Ақбота, үй салу ер аазаматтың ісі деп жатамыз. Нәзік жанды аруға бір емес екі қабатты үй салу қиынға соқып жатқан жоқ па?
— Ия, қиын әрине. Бірақ үйреніп қалдым. Рас, өткен жылдары да мен үй салғанмын. Бір жағынан тәжірибем жетеді. Қазір Алматы қаласында салып жатқан үйім өте заманауи үлгіде тұрғызылып жатыр. Сәтін салса үйімді бітіріп кіріп алсам қоныс тойын тойлап барлығын шақырармын.
Шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?
— Қазір толығымен гастрольдік сапарларға кірісіп кеттік. Уақыт тапшы. Толығымен жаңа әндер жаздырып, бейнеклиптер түсірудеміз. Сәтін салса Шымкент қаласында қараша айының 2-жұлдызы күні өнердегі әріптесім Сержанәлімен бірге концерттік кеш бермекпін.
Сұхбатыңызға рахмет. Шымкентте жүздесейік!