Бүгін – халықаралық телеарна күні!

334
"Отырар" телеарнасы халықаралық телеарна мерекесінде де халыққа қызмет көрсетті

 

Халықаралық телеарна мерекесінде де «Отырар» телеарнасы халыққа қызмет көрсетті

21-қараша – халықаралық телеарна күні! 20 жылдық тарихы бар “Отырар” телеарнасының ұжымы да бұл мерекеде халыққа қызмет көрсетті. Телекөрермендері үшін. 1992 жылдан бері Оңтүстіктің айнасы болған телеарна бүгінде шындықты шырмаусыз жеткізіп, жұртшылықтың қолдауына ие болып келеді. Жаңалықты шұғыл әрі боямасыз баяндайтын “отырарлықтар ” жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтады.

Шынар Оразова, тілші: «Бүгін түсірілімге барсам, облыс әкімі Асқар Мырзахметов «күні кеше ғана 20 жылдық тойларыңызды өткіздіңіздер, шаршамадыңыздар ма» деп сұрады. Жоқ біз шаршамаймыз дедім. Себебі, конвергенттік тілші болу үшін ең алдымен ізденімпаздық керек дер едім. біз әрдайым ізденіп, талпынып жүреміз. Мәселен, «Оңтүстік Рабат» және арнайы «Отырар.ҚАЗ» деген сайтымыз бар. Яғни тек телеарнамен шектелмейміз. Сондықтан, біз халықты дер кезінде ақпаратпен сусындатып отырмыз дей аламын. Және айтарым, біз тек облыстың ғана сүйікті арнасы емеспіз, сонымен қоса шетелден де бізге тілеулес болып, хабарласып жататын көрермендеріміз бар. Дәл қазіргі уақытта бізде онлайн жүйесі арқылы бүкіл әлемдік кең жолақты интернеттен арнамызды тамашалауға мүмкіндік туып отыр».

Руслан Балабеков, техникалық қызметкер: «Мен жұмысымды қиын деп те, оңай деп те айта

Руслан Балабеков өз жұмысын жақсы көретінін айтады

алмаймын. Ең бастысы мен өз жұмысымды жақсы көремін, шын жүрекпен орындаймын! Мәселен, біз кадрдан тыс жұмыс жасасақ та аса ұқыптылықпен және үлкен жауапкершілікпен жасаймыз. Сондықтан, бұл телеарнада біз ең алдымен басшылықтың ұйымдастырушылық қабілетінің шеберлігін мойындаймыз. Барымызша үйреніп, сол шеңберде жұмыс жасаймыз. Көбіне телекөрермендер жүргізушілерді жақсы таниды. Ал дәл осы жүргізушілердің ойдағыдай эфирде сөйлеп, отырып-тұруын немесе жалпы көріністің сапалы болуы – осы техника мен режиссердің шебер жұмыс жасай алуында. Сондықтан телеарнаның жұмысы жалпы үлкен ортада және көп еңбекті қажет етеді. Жаңа технологиялардың да рөлі ерекше әрине. Ең бастысы біздің телеарна ұжымы  айрандай ұйып отыруымен ерекшеленеді. Мен осы телеарнада жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын! Мұндай үлкен мүмкіндікті ұсынып отырған телеарна басшылығына алғысым шексіз!»

Ал телеарнада басты жауапкершілік тек тілшілердің иығана артылмайды. Кадрдан тыс жұмыс жасайтын оператор, өңдеуші-монтажер, режиссер, техник мамандар да тер төгеді. Сапалы дүние жасап, көрерменнің көңілін табу үшін жанын салады.

“Біз – сіздің телеарнаңызбыз” деп ұрандайтын ұжым ел-жұрттың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін орындаудан жаңылмайды. Құрметті көрермен, біз ақпаратты Сіз үшін жасаймыз!