Оңтүстіктен түлеп ұшқан «жұлдыздар» концерт берді

"Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медальін алғашқылардың бірі болып бұл-бұл әншіміз Бибігүл Төлегенова тағынды
Тойға келген қонақтар көп болды

Кеше кешкісін Оңтүстіктің торқалы тойы «Мұз сарайында» жалғасын тапты.  Қазақ эстардасының жарық жұлдыздары ән шырқады.

Кешкі сағат 18.00-де «Екі жұлдыз» тойханасында облыс әкімінің мерейтойлық дастарханы жайлып, келген қонақтарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальі табысталған болатын. Сол «Екі жұлдыз» тойханасынан шыққан қонақтар «Мұз сарайында»  эстарда «жұлдыздарының» концерттік бағдарламасын  тамашалады.

Саханада Нұржамал Үсенбаева, Лаки Кесоглу, Ақжол Мейірбеков, Нұрлан Өнербаев, Марат Омаров, Алтынай Жорабаева ән шырқады. Оңтүстіктің оғлаңдары неткен талантты деген мақтаныш сезім көкіректі кернеді.

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальін алғашқылардың бірі болып бұл-бұл әншіміз Бибігүл Төлегенова тағынды

Әзілқойлар мекені атанған шымкенттіктер үшін сахнаға Бауыржан Ибрагимовтың шығуы да үлкен әсер сыйлағаны рас. дегенмен Бауыржан ағамыз бұл жолы әзіл емес ән айтты. Ән болғанда да «Ағаларым»-ды шырқады.

Гүлнара Сиқымбаева, Медеу Арынов, Бақытжан Қажымұқанов бәрі, бәрі бәрісі «шымкенттіктер, мен сендерді жақсы көремін» деп жатты.

Сахнаға Бақыт Шадаева, Шахизада, «Мұнарлар» және «Жігіттер» топтары шыққанда «Мұз сарайындағы» көрермендер билеп кетуге шақ тұрды. Тек сарайдың еденіндегі мұз үстінде шымкентше билеу мүмкін еместігін сезініп қана,  сабыр сақтады.

Халық қаһармандары Бибігүл апамыз бен Асанәлі атамыз жүрек жарды тілектерін арнады

Ал, Өктем Алтаев шығып «Қазғым, қазағым…» деп шырқай жөнелгенде әжептеуір рухтанып қалып едік…келесі әнінде  «я тебя люблю» дегенде құтты қонақ боп отырған төрдегі қауымның арасынан Мұхтар Шаханов ағамыздың мазасы қашқанын аңғардық.

Қауанғанымыз сол, Асанәлі Әшімов бастаған жасы үлкен аға-апаларымыз бұл концертті соңына дейін тамашалады. Олардың жүздерінен жұртына деген, еліне деген, туып-өскен топырағына деген сағыныштың табы есіп тұрды.

Исраил Сапарбай ағамыз «Мен Оңтүстікке келген сайын жасарамын» деп ағынан жарылуы да сондықтан.

Облысымыздан түлеп ұшқан ақын-жазушы, журналист, өнер майталмандары, ғалымдардың көпшілігінің кеудесіне Оңтүстіктің өз медалі тағылды.

Кеудесіндегі медальді жарқыратып, көңілі көктем болып Көпен Әмірбектің кетіп бара жатқанын көзіміз шалды.

«Түркістан» газетінің бас редакторы, шетелдерге көп шығатын журналист Шәмшиддин Паттеевтің де Оңтүстікке жеткенше асыққаны  байқалады.

Айтқымыз келгені… Оңтүстіктің тойы керемет өтті!

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=J93pZ5r8BDs[/youtube]