«Отырар» арнасына 20 жыл

439
Кеш соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов келді. Кейн студияда тікелей байланыс жалғасты
Жүрек жарды лебіздерін білдіремін деп келгендер кешке дейін толастаған жоқ

20-қараша күні телеарна өзінің сүйікті көрермендерін жинап, туған күнін атап өтті. Арна 20 жыл бойы көрермендерге көтеріңгі көңіл-күй мен қызықты жобаларды үздіксіз тарту етіп келеді. Сонымен қатар, Шым қаламызда орын алып отырған түрлі жаңалықтар біздің арнаның қатысуымен өткеніне де сіздер куә болдыңыздар. Ал бұл күні арна ұжымы таңертеңгі сағат 9 дан кешкі сағат 18.00 ге дейін құттықтаулар қабылдады.

Алғаш келген қонақтардың бірі 6506 әскери бөлімінің сарбаздары

«Отырар» арнасының 20 жылда жеткен жетістіктері аз емес. Осы уақыт аралығында телеарна ұжымы көрермендер көзайымына айнала білді. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысқанымызды мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде көңілі қалаған бағдарламалары мен сүйікті жүргізушілерін тапқан шымкенттіктер өз арнасын мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арқалай келді.

Ерекше сыйлықтықтың бірін, мына алмаларды Райс Қараибрагимов алып келді

Таңертеңнен кешке дейін салтанатты кеш бір сәтке де үзіліс тапқан жоқ. Тілшілердің қуанышты сәтін бөлісуге келген ағайын арнаға ағылып келіп жатты. Барлығын құшақ жая қарсы алып, төрімізден орын бердік.

Өз мерейтойында да қол қусырып отырмайтын телеарна қызметкерлері бұл күні де аяқтан тік тұрып, қызмет етті. Себебі, халық тамашалайтын салтанат сәттер тікелей эфирге сапалы шығуы тиіс.

Еңбектеген баладан еңкейген қарт көрерменге дейін тамашалайтын телеарнаның жұмысы сан-саланы қамтиды. Қала, облыс пен республика, тіпті, әлемнің тынысымен тұрғындарды таныстыру – жауапты міндет.

Алдағы уақытта да телеарна ұжымы өз көрерменін сапалы бағдарламалармен қуантып, көзайымына айналуды мақсат тұтады. Ал бүгін тікелей эфир қуанышты сәттер мен құттықтауларға толы болды. Осылайша «Отырар» өзінің 21-ші маусымына сенімді түрде қадам басты.

Кеш соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов келді. Кейн студияда тікелей байланыс жалғасты

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CQBFSuXoqDk[/youtube]