Úı ANONS «DOS STAR» TIK TOK Агенттігі өзінің алғашқы мерейтойын атап өтті

«DOS STAR» TIK TOK Агенттігі өзінің алғашқы мерейтойын атап өтті

Шымкентте «DOS STAR» стримерлер қауымдастығы өзінің жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл TikTok платформасы тұрақты табыс табуға, кәсіби өсуге және сенімді әрі мықты командада мансап құруға толық мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Көңілді жиынның барысы туралы толығырақ, сюжетте айтамыз.

«DOS STAR» Халықаралық стримерлер қауымдастығы өзінің бір жылдық мерейтойын кең ауқымда атап өтті. Оған әртүрлі қалалар мен елдерден танымал блогерлер жиналды. Ұйымдастырушылар қонақтар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы, сәнді сыйлықтар мен жүлделер дайындады. Бүгінде платформада шамамен 3000 стример бар, «DOS STAR» қауымдастығының қолдауымен олар тұрақты табыс тауып, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп келеді. Агенттік Қазақстандағы стримерлерді дамытудағы ірі алаңдардың бірі ретінде өз орнын күшейтіп отыр.

АЙСҰЛУ МАМЫР, «DOS STAR»TIKTOK АГЕНТТІГІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: «Біздің жұмыс бастағанымызға бар болғаны бір, бір жарым жыл ғана болғанына қарамастан, ТМД елдері арасында бірінші орынға шықтық. «Ең үздік TikTok агенттігі» номинациясын алдық. Бұл жетістікті бүкіл әлемде, бүкіл Азияда да мойындады, бірақ сіздер бұл жаңалықты бірінші болып естіп отырсыздар — осы жылы бүкіл әлемде және Азияда бірінші орынға біздің агенттік, «DOS STAR» TikTok агенттігі ие болды».

ЕРКЕБҰЛАН АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ, ТИКТОКЕР: «Елдің бәрі 70 пайызы әлеуметтік желіні қолданады. Бәрі инстаграм, тик-ток, ютуб қарайды. Дамып жатыр.  Шетелден азаматтарды шақырудағы құралдың бірі осы әлеуметтік желі.  Сол әл желіні біздер дұрыс пайдалануымыз керек».

Салтанатты жиында ең көп қаралған және танымал стримерлер дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Бірінші орынды ерекше контенті мен танымалдығы үшін Фуад Гаджиев жеңіп алды. Марапатты өз қолымен алу үшін блогер Ресейден арнайы ұшып келген. Жас стримердің айтуынша, қазіргі әлеуметтік желілер — табыс табудың және саяхаттаудың тамаша мүмкіндігі.

ФУАД ГАДЖИЕВ,  РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН СТРИМЕР: «Мен стримермін, стрим жүргіземін. Көрермендеріміздің қолдауы арқасында дауыс беру нәтижесінде бірінші орынға шығып, осы жерге келуге мүмкіндік алдым. Маған шақыру жасалды, өйткені мен ТМД елдерінің ТОП стримері атандым».

«DOS STAR» агенттігінің өкілдері қазіргі танымал блогерлердің көпшілігі жақында ғана нөлден бастағанын айтты. Оларда тәжірибе мен білім болмаған, тек шығармашылыққа деген қызығушылық пен табыс табу ниеті болған. Агенттік менеджерлерінің көмегімен блогерлер тұрақты кіріс табуға жетті. Бүгінде «DOS STAR» стримерлері әр күні 3–4 сағат эфирге шығып, жақсы табыс табады.

Ботакөз Әнуар