Сайрамда мың орынды балабақша мен неке сарайы ашылды

775
Сайрамдағы сужаңа неке сарайы
Мың орынды балабақша ашылды

ОҚО 80 жылдығына 80 нысан іс-шарасына Сайрамдықтарда өз үлесін қосты. Өңірде жоқ 1000 балаға арналған балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Сайрам ауылының орталығында орналасқан жеке меншік бөбекжаймен өңір басшысының өзі арнайы танысып, салтанатты ашылу шарасына қатысты. 1000 балаға арналған Астана балабақшасында барлық жағдай қарастырылған. Зәулім үш ғимараттан тұратын бөбекжайдағы балардың сауатын ашатын кітаптар қорыда қаланған. Одан өзге жазғы, қысқы бассейнмен қатар ойын алаңшаларыда бар. Жеке кәсіпкер әрі аудандық маслихаттың депутаты Низамхан Сулейменов балабақшаны өз қаржысына тұрғызған. Әрине «Балапан» бағдарламасы аясында. Ғимарат пен оған қажетті құрал-жабдықтарды қамтыған кісіпкерге енді мемлекет жалақы мен комуналдық төлемдерді үлестіріп отырады. Бұл мемлекетке үш есе тиімді. Кәсіпкер алдағы уақытта тағыда дәл осындай бақша салып олардың санын көбейтуді көздеп отыр. Оны облыс басшысыда қолдайды. Дегенмен мұны өзге аудандағы кәсіпкерлерге де үлгі етіп, көрсету керек. Яғни балабақшасы жоқ ауылдарда осы тәжірибені кеңінен қолдану қажет. Балабақшаның ашылғаны жергілікті жамағаттыңда қуанышы болды. Өйткені 130 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, бүлдіршіндер үш тілде білім алып сауат ашытын болды.

Сайрам ауданында тағы бір білім ошағы пайдалануға берілді. Өтеміс ауылына қарасты № 38 Абай мектебі Облыстық бюджет есебінен бой көтерді. Нысанның құрылысы биылғы жылдың сәуір айында бастау алып, келер жылы аяталуы тиіс болатын. Алайда, мердігер компания мерзімінен бұрын оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне тапсырып отыр. Заман талабына сай тұрғызылған екі қабатты мектепте қазірде 320 бала, ал дайындық тобында 52 бала білім алуда. Жаңа білім ұясында тәлім алғалы жатқан оқушылар да қуанышты.

Сайрамдағы сужаңа неке сарайы

Енді Сайрам ауданының өз неке сарайы бар. Бұған дейін ауданда шаңырақ көтерген жастар шағын ғана бөлмеде тіркелетін. Енді міне, сәні мен салтанаты жарасқан зәулім ғимарат іске қосылды. Айте кетейік, Сайрамдық отбасылар қатары жыл сайын артып келеді. 300 мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы осылайша тағы бір қуанышты сәттердің куәгері болды. Алғаш рет мұнда неке сарайы бой көтерді. Облыс әкімі Асқар Исабекұлы салтанатты ашылуға қатысып, аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісті.Салтанатты шара барысында 4 бірдей жұптың некесі қиылды. Солардың бірі Кәміл мен Камария жұбы. Бұл жұп үшін бүгінгі күн тосынна жасалған сый болды. Олар Үйлену тойлары неке сарайының ашылуымен тұспа тұс келгендеріне қуанышты.Неке сарайы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосылды. Оның құрылысына 140 млн. теңге жұмсалды. Енді бұл нысан аудандық Әділет басқармасының балансына өткізіледі. Неке сарайы аудан көркіне сән беріп тұр. Орталық саябақта тұрғызылға бұл нысан отбасын құрамын деген жастарға ұмытылмас сәттер қалдыратыны анық.