«Қазына» балабақшасынан өрт шықты

419
Балардың ойын бөлмесі өртеніп кетті
Балардың ойын бөлмесі өртеніп кетті
Балардың ойын бөлмесі өртеніп кетті

Оқиға таңертең орын алған. Бұл туралы өрт сөндіру қызметіне хабар берілген.  Шымкенттегі 18-шағынауданда орын алған өрт жайында  хабар 101 пультіне таңғы сағат жетіде келіп түскен.

Балабақшадан шыққан өртті сөндіруге бірден, үш топ жұмылдырылған.  Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатынан шыққан өрт 50 шаршы метрді жалмап үлгеріпті. Әсіресе, балалардың ойын бөлмесіндегі жиһаздар мен олардың ойыншықтарының күлі көкке ұшқан.

Қуанышқы орай, өрт шыққан уақытта бақшада адам болмаған. Олай болған жағдайда, тәрбиешілер әлекке түсер еді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір сағат уақыт кетті. Өрт сөндірушілердің жедел әрі шапшаң іс-әрекеттерінің арқасында балғындар үйінің тең жартысы жалыннан аман қалды. Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.