«Индустрияландыру картасы» бағдарламасы орындалуда

"Индустрияландыру картасы" бағдарламасының негізінде алдағы 2 жылда 15 мыңдай жұмыс орны ашылу көзделуде
"Индустрияландыру картасы" бағдарламасының негізінде алдағы 2 жылда 15 мыңдай жұмыс орны ашылу көзделуде
«Индустрияландыру картасы» бағдарламасының негізінде алдағы 2 жылда 15 мыңдай жұмыс орны ашылу көзделуде

«Индустрияландыру картасы» бағдарламасын орындау жөнінен Оңтүстік өңірі бірінші орында. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері осылай деді. Бүгін өзін-өзі ақтайтын тағы 11 инвестициялық жоба үйлестірушілік кеңесте қолдау тауып, мақұлданды. Айта өтейік, осыған дейін біздің облыс бойынша 111 жоба индустрияландыру бағдарламасы бойынша іске асқан еді.

Бұл азаматтардың барлығы да кіл кәсіпкерлер. Жобасының қаншалықты маңызды екенін тыңдаған үйлестірушілік кеңесінің мүшелері оларға бірауыздан қолдау жасап жатыр. Мақұлданған жобаның бірі Желтоқсан мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы мына «Хадиша отелі». 12 қабаттан тұратын 5 жұлдызды заманауи қонақ үй Оңтүстікте жоқ дейді келген өкіл.

Әбілқайыр ЕРУБАЕВ, «Хадиша Отель» ЖШС-нің өкілі: «Жобамыздың құны 9 млн. теңгені құрайды. 186 орындық ғимараттың бірінші қабатында қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Біздегі тариф те әр түрлі. Келген қонақтар 200 АҚШ долларынан бастап және одан жоғары бағада қонуына мүмкіндігі бар».

Ұзын-саны 11 жоба бүгін қолдау тауып, министрлікке жол тартты. Ол жақтан жасыл жалау көтерілсе, отырған кәсіпкерлерге мемлекет бар қамқорлығын жасамақ. Қаржы көздерін тауып береді, түрлі жеңілдіктер жасап, ісінің ілгерілеуіне мұрындық болмақ.

Жанболат МЕЛДЕШОВ, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы: «Оңтүстік Қазақстан облысынан 111 жоба енгізілді. Ол республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бізден кейінгі көрсеткіш ол 79 жоба. Мұндай жұмыс Кеңес уақытының ең жақсы кезеңдерінде де жүргізілмеген».

Кәсіпкерлік басқармасы биыл Елордаға тағы да 50 жобаның сызбасын жібереміз деп отыр. Келер жылы ұтымды жобалардың санын жүзге жеткізсек дейді. Осылайша, индустриаландыру картасы бойынша болашақта 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B8bPy0aAj0c[/youtube]