«РобоАвиа» кәсіпорнында баламасы жоқ ұшқышсыз ұшатын құрылғы шығарылады

589
беспилотный летательный аппарат 1Sapsan-30001

«Sаpсаn- 3000» ұшқышсыз ұшатын құрылғының тұсау кесеріне «Робоавиа» серіктестігінің ұжымы аса жауапкершілікпен дайындалыпты. Үздік мамандар бірегей жоғары технология құрылғысының қолдану аясынан бөлек, оны құрастыруын түсіндіріп берді. Айтуларынша, инновациялы өнімнің қолдану аясы кең. Ол ауыл шаруашылығы, геодезияда саласында мониторинг жасауға таптырмас дүние.

Николай Пожитнев, «БК РобоАвиа» ЖШС-нің бас директоры: «Біз бұл «Sаpсаn- 3000″ ұшқышсыз құрылғының тұсау кесеріне екі жыл дайындалдық. Бұл бірегей керемет құрылғы. Біз ұшатын апаратты жасайтын Қазақстанда жалғыз кәсіпорын. Нарықты да жеңуге дайынбыз. Бүгінде 40 адамды жұмыспен қамтып отырсақ, келешекте олардың санын 100 жеткізбекпіз. Өндірісімізді кеңейту жоспарымызда бар».

«Робоавиа» компаниясының кәсіби білікті жас мамандардан жасақталған ұжымы қонақтарға шеберліктерін көрсетті. Ұшатын құрылғыны шұғыл құрастырып, көк аспанда самғай алатынын дәлелдеп берді.

«РобоАвиа»-да шеберлер жұмыс істейді

Максим Красюк «БК РобоАвиа» ЖШС – нің бас конструкторы: «Біз ұшқышсыз биікте ұшатын құрылғының өндірісмен айналысамыз. Біздің құрылғылар шығаратын жоғары технологиялы өндіріс Қазақстанда жалғыз. Биыл біз «Ұлттық  өнім» сертификатын жеңіп алдық. Бұл атақпен біз мақтанамыз».

Құрылғыларды құрастыру кезеңі

«БК РобоАвиа» ЖШС -нің оқу орталығы бар. Онда кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша дәріс беріледі. Оқушылар сарайындағы үйірмелерден арнайы шақырту алған балалар ұшатын құрылғының жұмысына қызығушылық танытты. Келешекте осы жастар  «РобоАвиа» компаниясы шығарған ұшатын құрылғыларды кеңінен қолданады деген үміт те бар.