«Жаңатай ана» балабақшасында «Жер шарын балаларға сыйлаймыз» қалалық семинары өтті

171

«Жаңатай ана» балабақшасында балаларға жер шарын сыйлаймыз» тақырыбында семинар өтті. Іс шара барысында тәрбиешілер балаларға жердің өмірде қандай маңызы бар екенін түсіндірді. Педагогтар Шымкенттің басқа мектептері мен балабақшаларының оқытушыларымен тәжірибе алмасты.

Дәптерсіз математика, ал дене шынықтыру сабағында-ырғақ сезімін дамыту. «Мозартика» жаратылыстану және психология сабақтарында балаларға ерекше, жаңа көзқарас ұсынылады. «Жаңатай ана» балабақшасының тәрбиешілері «Жер шарын балаларға сыйлаймыз!» семинарында жаңа тәсілдер ұсынуда. Педагогтардың айтуынша инновациялық технологиялар балалардың ойлау қабілетін дамытады, соның арқасында мектепке дайындық қызықты әрі жеңіл өтеді.

Тәрбиеленуші: «Біз балбақшамызды жақсы көреміз, оқытушыларымыз да керемет. Мұнда барлығы ұнайды».

Тәрбиеленуші: «Маған балабақшам қатты ұнайды. Бізде барлығы қызық өтеді, әсіресе зертханада».

Шымкенттің мектепке дейінгі және қалалық білім беру мекемелерінің педагогтарымен бірге «Жаңатай ана» балабақшасының тәрбиеленушілерінің ата-аналары да оқытудың жаңа тәсілдерімен танысуда.

Салтанат Өтемісова, Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру әдістемелік орталығының меңгерушісі: «Жаңатай ана» балабақшасы екі жыл бұрын ашылған. Семинардың басты мақсаты: Балаларға жер шары,  оның  байлығы, қазынасы жайлы дәріс арқылы балаларға жеткізу».

Елена Баталова, «Низамхан» мектебі директорының орынбасары: «Балалардың дамуы балалық шақтан басталады. Себебі, балабақшада оқу жүріп жатыр. Бүгін біз инновациялық технологиялар бойынша семинарда болдық. Жобалық қызметті және жас математиктердің қалай жұмыс істейтінін көрдік».

«Жаңатай ана » балабақшасында қазір төрт жүзден астам бала бар. Мектепке дейінгі мекеме 725 орынға есептелген. Балабақшада мемлекеттік тапсырыс аясында 270 ұл мен қыз тәрибеленеді. «Жаңатай анада» қазақ және орыс тілдері топтары ашылған. Мұнда бақша, екі үлкен бассейн, балалар зертханасы, психолог, бейнелеу өнері, логопед кабинеттері мен өрмелеу қабырғасы бар.

Ирина Галкина, «Жаңатай ана» балабақшасының әдіскері: «Біз ауқымды көлемде жобалық қызмет тәжірибесін қолдана бастадық. Бұл жобалық жұмыс шектеулерден тыс шығуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында біз ата-аналардың жұмысын үлкен көлемде пайдалана аламыз. Біз музей педагогикасы технологиясын пайдаланамыз. Бізде масақтан бастап нанға дейінгі шағын мұражай бар, мұнда сабақтар өтіп тұрады, олар бала өмірінде үлкен тәрбиелік ролін атқарады».

Шымкенттегі ең беделді балабақшаларының бірі «Жаңатай ана»-ның құрылтайшысы – Низамхан Сулейманов. Кәсіпкер, кәсіби құрылысшы, қалада 8 балабақша мен 4 мектеп ашты. Білім беру мекемелерін ашуға кәсіпкерге жұбайы көмектеседі. Құрылтайшы үшін бүгінгі семинар өте маңызды.

Низамхан Сүлейменов, «Жанатай ана» балабақшасының құрылтайшысы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Сондықтан бүгін балабақшада Халықаралық Жер күні семинарын ұйымдастырдық. Жер-біздің байлығымыз, жер бізді тамақтандырады, жер бетінде біз болашақ ұрпағымызды өсіреміз!».

«Жаңатай ана» балабақшасының алда үлкен жоспарлары бар. Құрылтайшылар мектепке дейінгі тағы бірнеше мекеме ашуды, жабық бассейн салуды, ең бастысы, білім беру бағдарламаларына инновациялық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.

Мекенжайы: Пахтакор ш/а, 2, 194 орам, 3245 учаске, «Жаңатай» ана балабақшасы