ОҚО-да МАИ қызметкерінің масқарасы шықты

380
"Пагонымды жұлып алды деп" сұқбатта берген

«Көлік жүргізушісі ережеге бағынбағаны былай тұрсын, погонымды жұлып алды» деп шағымданған жол полицейі қып қызыл бәлеқор болып шықты. Ол әртістік қабілетін жүзеге асырған кезі бақылау камерасына түсіп қалады деп ойламаса керек. Прокурорлар үшін бұл видео дәлел болып, жүргізушіні ақтап алды.

Ол кезде жүргізуші кінәлі болған
Ол кезде жүргізуші кінәлі болған

Бұл кадрлар жол полицейлерінің кезекті рейдтік шарасы кезінде түсірілген. Жүргізуші мен полицейдің ерегісі. Сол кезде жол сақшысы  «Leganza» автокөлігінің жүргізушісі тәртіпке бағынбай, пагонымды жұлып алды деп жарияға жар салған болатын.

Инспектор: «Тоқтатып, құжаттарын сұрасам, ешқандай құжаттары жоқ. Оны қоймай пагонымды жұлып алды».

Жүргізуші; «Құжаттарым түгел, пагонын өзі жұлып, өзі маған пәле жауып отыр».

Сол кезде-ақ, жүргізуші өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтып ақталды да. Бірақ тыңдайтын құлақ болмады. Бірақ бұл тегін концерт болып шықты. Яғни полицейдің қып қызыл пәлеқорлығы. Мұны анықтауға мына кадрлардың көмегі зор болған. Оқи орын алған маңдағы дүкеннің бақылау камерасына жол сақшысының жала жауып жатқаны түсіп қалған екен.

 

"Пагонымды жұлып алды деп"  сұқбатта берген
«Пагонымды жұлып алды деп» сұқбатта берген

 

Нұрлыхан Ниязов, аға прокурор
Нұрлыхан Ниязов, аға прокурор

Нұрмахан Ниязов, ОҚО прокуратурасының аға прокуроры: «Қазіргі кезде ҚР қылмыстық кодексінің 408-бабы бойынша іс қозғалған.  Яғни өз өкілеттілігін асыра пайдаланған. Ол бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қаралған. Тергеу басталып, іс қозғалғаннан кейін, жол сақшылары өтірік айтуға болмайтынын сезіп, болған оқиғаны шын мәнінде көрсетіп жатыр».

Сөйтіп ережені бұзды деген жүргізуші емес, полицейдің үстінен іс қозғалды. Жүргізушінің кінәсіздігін прокуратура қызметкері ресми түрде жариялады. Бұл оқиға болған күні де жүргізуші айыпты емес екенін айтып шырылдаса оны ешкім тыңдамап еді. Тіпті ішікі істер басқарамасына әкеткен.

Енді бұл іске сот нүкте қояды. Халықтың қорғаушысы емес, қорлаушы атанған бұл ала таяқтыға қандай жаза тағайындалатыны да сол кезде белгілі болмақ.  Айта кетейік жүргізушінің кінәсіздігін дәлелдеу бұрын соңды болмаған.