Úı ANONS «Көңіл көтергіш газ» тәркіленді

«Көңіл көтергіш газ» тәркіленді

Шымкент қаласы Ж. Адырбеков көшесінде орналасқан «LUNA lounge bar»-дан тыйым салынған «көңіл көтергіш газ» табылды. Прокуратура оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді.

«LUNA lounge bar» кешенінен «көңіл көтергіш газ» құйылған 4 баллон, 1 қапшық шар анықталып алынды, «lounge» бардың жұмысы тоқтатылды»
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ

Тексеру кезінде, аталған газды қала аумағына таратқан адам да анықталған. Одан 400-ден аса газ құйылған баллондар тәркіленген. Анықталған дерекке байланысты Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Дилара Иса