Úı ANONS Прокуратура «әкесін азаптаған» Садақбаевтың жазасын қатаңдатуды сұрады

Прокуратура «әкесін азаптаған» Садақбаевтың жазасын қатаңдатуды сұрады

Дімкәс әкесін ұрып-соғып, қинап, азаптаған  Алмас Садақбаевқа тағайындалған жаза – аз. Сот үкімімен келіспеген прокуратура апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады.

«Түркістан облысында 2026 жылдың 16 қаңтарында Жетісай аудандық сотының үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданы прокуратурасы жазаны қатаңдатуды сұрап апелляциялық наразылық келтірді»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ

Сот Шардара ауданы Қоссейіт ауылында өз үйінде 70 жастағы қарт әкесін қинап, қан-жоса етіп ұрып-соққан 41 жастағы Садақбаев Қылмыстық кодекстің «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабымен кінәлі деп танылған. Ол соттағы соңғы сөзінде көз жасына ерік беріп, дүйім жұрттан кешірім сұраған. Ол өз әрекетін білмей жасағанын, бұл үшін шын өкінетінін жеткізген

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында сотталушының әкесін азаптаған видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртты шошытқан еді. Оның қатігез әрекетін көрші үйдің қыздары жасырын видеоға түсірген.

Дилара Иса