Тассайда ғимарат өртенді

325
Тассайда ғимарат өртенді
Тассайда ғимарат өртенді
Тассайда ғимарат өртенді

Тассайда ғимарат өртенді. Түн ортасында басталған тілсіз жауды ауыздықтауға арнайы бригада жедел жеткен. Алайда, өрт әлі де өшірілген жоқ. Өйткені, жалын айтарлықтай аумақты шарпыған. Алматы бағытындағы  күре жол бойындағы ғимараттан шыққан өрттің түтіні алыстан  мен мұндалап көрінеді. Өрт сөндірушілер қолдан келгенше жалынды өшіруге тырысуда. Алайда, түнімен бықсыған түтінге техникада төтеп бере алмай отыр.

Қуаныш  Арысланов, өрт сөндіру қызметінің өкілі: «Тассай елдімекеніндегі Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №12 үйде  орын алған өрт жайлы хабар Сайрам аудандық өрт сөндіру  қызметінің кезекші бөліміне сағат 23.54-те келіп түскен. Оқиға орын алған жерде 45 қызметкер, 6 негізгі көлік пен 2 арнайы техника жұмыс істеуде. Өрттің негізгі ошағы сөндірілді. Бірақ дәрі шөптер өртенген соң, олар бықсып ұзақ уақыт сөнбейді».

Дәрілік шөптер қаппен сыртқа шығарылуда. Жалынның айтарлықтай аумақты шарпығанын ескерсек, шығында көлемді келсе керек. Түнде басталған өртті өшіруде бірқатар қиыншылықтар да кездесіпті.

Тәжібек Абдуллаев, тұрғын: «Өрт түнде басталды. Өрт сөндірушілер тез арада жетті. Сулары таусылып қалған соң, су іздеді. Жақында орналасқан Бейбарыстан алмақ болып еді, олар рұқсат етпеді. Сосын бастығына қоңырау шалып, суды алуға рұқсат алыпты. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, әлі өрт сөндірілуде».

Алдағы уақытта тілсіз жау әкелген шығынның көлемін және өрттің салдарын мамандар анықтайтын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HikjWrmGADs[/youtube]