Блогқұрылтайға бір күн қалды

Блогқұрылтайшылар Оңтүстікте бас қосады
Блогқұрылтайшылар Оңтүстікте бас қосады
Блогқұрылтайшылар Оңтүстікте бас қосады

Көптен күткен Блогқұрылтайдың басталуына да бір күн қалды. BlogCamp — бұл дүниежүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны, басқосуы.

Бізде барлық адамдарға түсінікті болу үшін Блогқұрылтай деген атаумен алғаш рет Алматы (2011), Астана (2012) қалаларында ұйымдастырылған болатын. Енді биыл, наурыздың 23-24-і күндері блогшылар, IТ мамандары, жаңа медиа өкілдері, журналистер мен студенттер біздің қаламызда бас қоспақ.

Олар екі күн бойы өздерінің жасаған жобаларымен бөліседі, пікір алмасады. Идеясы ортақ достар мен серіктестер тауып, қазақ интернетіне қатысты түрлі мәселелерді талқыға салады. Блогқұрылтайға қатысу үшін арнайы ашылған сайтқа (blogcamp.kz) еліміздің әр аймағынан 350 адам тіркеліпті.

Іс-шараның бірінші күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратында өтсе, ал 2-ші күні Біркөлік шатқалындағы «Бәйшешек» лагерінде жалғасатын болады. Биылғы бір ерекшелік, бұл Блогқұрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне облыс әкімдігі ерекше қолдау танытуда. Сондай-ақ жаңадан ашылған сайттар мен старт-ап жобаларға негізгі серіктестердің бірі – «Beeline» компаниясы үш номинация бойынша арнайы сыйлық тағайындап отыр. Бұдан бөлек спорттық іс-шараларға, шығармашылық байқауларға, түрлі ойындарға белсене қатысқандар блогшылар да түрлі марапатқа ие болады.