Шымкентте болған аты-шулы кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты. Туған нағашысын азаптап өлтірген екі азамат сотталды. Адам қанын мойнына жүктеген екеу енді алдағы 10 жылдан астам уақытын қатаң режимдегі түрмеде өткізеді.
Оқиға осыдан жарты жылдай бұрын болған. Екі жиен нағашысымен бірге тамақтануға барады. Сонда араларында дау туындап, соңынан қырғын төбелес болған. Сөйтіп, күдіктілер Ақсукентте тұратын нағашысын өзен жағасын апарып, өлтіріп тастапты. Тергеушілер істі әбден тексеріп, материалдарды сотқа тапсырады. Бұл іс Шымкенттегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралды. Бүгінгі отырыста судья күдіктілердің бірінің 17 жылға абақтыға жабылу жазасына кесілгені жайындағы үкімді оқыды. Бұған қоса оның мал-мүлкі тәркіленетін болды.
Ал екінші қылмыскер 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның да барлық мүлкі тәркіленетін болады. Тергеу барысында анықталғандай, олардың бұған дейін нағашыларымен бас араздығы болыпты. Спирттік ішімдік ішіп алған соң өш алмақ болған деген болжам бар. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушінің басын үлкен тастармен ұрып өлтіргені анықталған.