Өрттен емес, кісі қолынан мерт болыпты…

422
Өрттен емес, кісі қолынан мерт болыпты...

Газдан уланды деген азаматшаны қаскөйлер әдейі өлтіріп кеткен. Қыркүйек айында болған қылмыс жөнінде Сарыағаш аудандық полицейлер осындай мәлімдеде жасады. Екі ай бұрын 30 жастағы әйелдің денесі өрт шыққан ғимараттан табылған еді. Толық тексере келе марқұмның өрттен емес, кісі қолынан мерт болғаны анықталып отыр.

Бұл оқиға осыдан екі ай бұрын болған еді. Сарыағаш ауданының тұрғыны электр тоғына түсіп қайтыс болды деп хабарланған. Ағайын-туыстары марқұмның денесін арулап, жер қойнына тапсырады. Сондықтан жедел тергеу тобының қызметкерлеріне мәйітті көрсетуден бас тартқан. Бірақ полиция қызметкерлері ағайын-туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қайтыс болған әйелге сот-медициналық сараптама жүргізуге келісім алады. Нәтижесінде сараптаманың қорытындысы басқаша бағытта өрбіді.

Өрттен емес, кісі қолынан мерт болыпты...

«Сот-медицина сараптама нәтижесінде 1987 жылы туған азаматшаның денесінің көкірек және қарын тұсында кесіп-тесілген жарақаттар бар екені, сол жарақаттардың салдарынан қайтыс болғаны және қылмыскер өз әрекетін жасыру мақсатында оқиға орын алған жерді өртеп кеткені белгілі болды.»

Адам өлтіру ісі бойынша тіркелген оқиғада алғаш болып күдікті азматшаның жолдасы, 1985 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталған болатын. Бірақ, толық тергеп-тексеру іс-шараларының нәтижесінде нағыз қылмыскер 1990 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны екені анықталды. Күдікті бұрын-соңды сотты болмаған. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіп, қылмысты іс сотқа жолданды. Күдікті қамауда. Егер кінәсі дәлелденсе, адам өлтіргені үшін түрмеге жабылады.

Лаура Нахыпқызы