Ардагерлерге құрмет көрсетілді

434
Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың атынан ардагерлер үйіне өңір басшысының орынбасары Әли Бектаев келіп, құттықтауын жеткізді.

Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Ардагерлерге құрмет көрсетілді

 

Облыстық ардагерлер үйіне жылына төрт мыңға жуық қарт демалып, ем-дом алады. Жеңістің 68-жылдығына арналып жайылған ақ дастарханға жиналғандардың басым бөлігі соғыс және тыл ардагерлері. Қиын-қыстау заманда кеудесін отқа төсеп, Отанын қорғаған батыр ағалар, еңбекқор аналар көрсетілген құрметке дән риза болды.

Сансызбек Болатбеков, тыл ардегері: «Облыс басшысына рахмет. Бүгін біздер жасап қалдық. Ардагерлер үйіне келіп, арнайы құттықтап, сыйлықтарын үлестіріп жатыр. Өркендері өссін».

Қалтай Ырысбеков, ардагер: «Жастар патриот болып бой түзесе біз қорғаған қамалды ешкімде бұза алмайды. Жеріміз бен тілімізді, тарихымызды құрметтеу, Отанды сүю, қастерлеу, қарттарға көңіл бөлуден басталады деп ойлаймын. Құттықтап келген басшыларға, ең бастысы Елбасына үлкен рахмет».

Мойындау керек, жыл өткен сайын ардагерлер азайып келеді. Елдің тыныштығы үшін азап шеккен ардақтыларған қандай құрмет көрсетсек те жарасады.