Қариялар жаңарған Түркістанды тамашалай алады

215

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ардақты ақсақалдармен кездесіп, ашық сұхбат құрды.

Түркістанда бұрын болғанымен, тап қазіргі көркейген келбетін көрмеген ақсақалдар аз уақыт ішінде шаһардың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңқалыстарын білдірді. Сондай-ақ, облыс әкіміне алғыстарын жеткізген олар жасап жатқан жұмыстарымен де бөлісті.

Қыстау ІЛЕСОВ, Еңбек ардагері: «Сіздің өзіңіздің басшылығыңыз осы облыста атқарылып жатқан жақсы істер біздің мынау аудандарға да жақсы оң ықпалын тигізіп отыр. Шардара ауданының ардагерлері ұйымдасқан түрде әкімнің төңірегіне топтасқан түрде осы жұмыстарға белсене жұмыс жасап жатыр. «Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»- дейтін болса, сол бірлік жолында еңбек етіп жатырмыз. Мына еңбектеріңіз жандана берсін».

Күллі түркі әлемінің рухани астанасындағы жаңалықтардан хабардар болған қариялардың құлшынысын қолдаған облыс басшысы оларды көне Түркістанның жаңа кейпін көзбен көріп қайтуды ұсынды. Мұны жауапты басшыларға қатаң тапсырды. Яғни, ақсақалдарды қаланы аралатуға аудан мен қала басшылары жауапты екенін алған тартты.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысың әкімі: «Жақсы идея айтып отырсыздар. Енді мен мынадай тапсырма берейін біздің аппарат басшысына. Барлық әкімдер ардагерлерді бір-бір апарып қайту керек. Оны пандемияны күтудің қажеті жоқ. Қазір жаңағыдай шараларды қолдап, апарып бір-бір аралатып келуге болады ғой. Қиын ештеңесі жоқ. Таңертең шығып, асықпай жолда Арыстан-бабқа барып, әрі қарай зиярат жасауға болады».

Мөлдір Ибадуллаева