Бүгін таңға жуық, яғни 2013 жылдың 25 мамырында 04 сағат 18 минут 36 секундта жер сілкінді. Мұны «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар жүйесі тіркеген.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 660 шақырым жерде Өзбекстан аумағында орналасқан екен.
Жер асты дүмпуі Сарыағашта 3-4 балл, Шымкентте 3 балл және Таразда 2-3 балл қуатымен сезілді.
Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі — 13.0. Магнитудасы — MPV 5.8.