Пара алған да, пара берген де ұсталды

444
Облыстық жер инспекциясының бас маманын құрықтау сәті

Оңтүстікте оңай жерден ақшаға кенелгісі келетіндердің қатары сиремей тұр. Қаржы полициясының қызметкерлері параға қатысы бар күдіктілердің қолына кісенді жиі салып тұрады. Дегенмен, қоғамды жайлаған дерттің түп тамыры әлі табылмағандай. Жақында осындай тағы екі факті тіркелді. Бұл жолы пара алғанмен қоса пара берген де құрықталды.

Облыстық жер инспекциясының бас маманын құрықтау сәті
Облыстық жер инспекциясының бас маманын құрықтау сәті

Соңғы уақытта пара алғысы келген шенеуніктер әртүрлі құйтырқылыққа баруда. Соның бірі — облыстық жер инспекциясының мына қызметкері. Бас маман Сырдарияның жағалауын заңсыз пайдаланған кәсіпкерді әкімшілік жауапкершіліктен құтқару үшін 300 мың теңге сұрапты. Онысын бірден қолға ұстамай, елден ерекше әдіспен алмақ болған.

Пара ғимарат сыртындағы мына жәшіктің ішінде жатыр
Пара ғимарат сыртындағы мына жәшіктің ішінде жатыр

Қолға түскен күдікті азамат пен қалыстардың көз алдында ақша мұқият саналды. 10 мың теңгелік 30 купюраға «ОҚО ЭҚСЖКД, ПАРА» деп, белгі салынған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qMU4rY2rzC8[/youtube]

Қазір жер инспекциясының бас маманының үстінен қылмысты іс қозғалды. Ол соттың шешімімен қамауға алынған.

Ал Сарыағашта пара алу емес, пара беру оқиғасы тіркелді. «Мұнда «Келес несие» ЖШС басқармасының төрағасы ұсталды» деп хабарлайды облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер параны тергеушінің кабинетіне алып келіпті
Кәсіпкер параны тергеушінің кабинетіне алып келіпті

Кәсіпкер жауапкершіліктен құтылмақ болып, істі жүргізіп отырған тергеушіге пара бермек болады. 300 мың теңге. Ал тергеуші бұл жайында өзінің басшылығына хабар береді. Бергіленген уақытта арнайы операция жүзеге асырылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=u0gUwGYvZk8[/youtube]

Қазір бұл кәсіпкердің үстінен бұрынғысына қоса тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол да соттың шешімімен қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.