Саябақ кітап оқуға шақырады

1382
Саябақтағы алғашқы оқырмандар кітаптан бас алмай, ертегінің ішіне енгендей әсерде отыр

Саябақ кітап оқуға шақырады. Жазғы демалыс басталысымен балалар ойынға ерік беріп, оқуға бет бұруды қояды. Ал бұл сәтте кітапқа қызығушылығы төмен балалар саны арта түсетіні бар. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана ұжымы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасын жүзеге асырмақ.

Саябаққа жиналғандар сахнадағы ертегі-қойылымдарға дән риза
Саябаққа жиналғандар сахнадағы ертегі-қойылымдарға дән риза

Ертегі. Оның кейіпкерлері. Шытырман оқиғалар. Балалардың назарын аударып, баурап алды. Jkfh cахнадан көз алмай отырған олар әрбір ертегінің үзіндісін ғана тамашалауда. Ал қалған бөлімдерін кітаптан оқитын болады. «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасының көздегені де осы.

Саябақ қонақтары концерттік шараға келіп,
Саябақ қонақтары концерттік шараға келіп, кітапқа деген қызығушылықтары артқанын жасырмай жүр

Гүлмира Алпысбаева, ұйымдастырушы: «Бүгінгі іс-шарамыз бірінші кезекте өскелең ұрпақты кітапқа баулу мақсатында қолға алынды. Мынау оқымайтын және кітапқа қызығушылығы төмен балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында және бүкіл жазды кітаппен бірге өткізуі үшін ұйымдастырып отырмыз. Сондықтан да алда келе жатқан жаз бойы біз кітапты балалар іздесеме де, кітап оларды іздеп келетінін көрсеткіміз келеді бір жағынан. Балалардың негізі жүретін ойын-сауық орындары мен саябақтарға барып, жаз бойы олардың уақытының тиімді өтуіне үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгінгі күннің өзінде балалар өте қатты қызығушылығын білдіріп жатыр. «Кітапхана қайда, оған қалай барады? Бұл кітапты қайдан таба аламыз? Сатылады ма?» деген сияқты сауалдар қойып жатыр. Ол үшін біз де кітапхананың арнайы мекен-жайы жазылған парақшаларды таратып жатырмыз».

Саябақтағы алғашқы оқырмандар кітаптан бас алмай, ертегінің ішіне енгендей әсерде отыр
Саябақтағы алғашқы оқырмандар кітаптан бас алмай, ертегінің ішіне енгендей әсерде отыр

Бұл жобаның алғашқы оқырмандары. Саябақта кітап оқу олар үшін әлі қызық әрі ыңғайлы. Таласа-тармаса табиғат аясында кітаптан бас алмайды. Ертегіге еніп, оқиғаға ортасында жүргендей әсерде. 9 жастағы Айғаным Кеңесбаеваның да қызығушылығы арта түскен.

Айғаным Кеңесбаева саябаққа келіп, достарымен кітап оқығанды жақсы көретіні айтуда
Айғаным Кеңесбаева саябаққа келіп, достарымен кітап оқығанды жақсы көретінін айтуда

Айғаным Кеңесбаева, оқырман: «Мен қазір орыстың халық ертегісін оқып жатырмын. Мұнда Маша мен аю туралы жазылған. Мен сейсенбі және бейсенбі күндері достарыммен саябаққа келіп, кітап оқуды жоспарлап отырмын. Маған демалыс күндері достарыммен қыдырған, саябақты кітап оқыған қатты ұнап қалды».

Оқушылардың кітаппен достастығы арта түспек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың кітапқа деген назарын арттырып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыттылған шара ағымдағы жылдың 30-тамызына дейін жалғасады. Аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10-00-ден 13-00-дейін қаламыздағы бар саябақта уақытша тегін кітаптар үлестіріледі. Келісілген уақыт аяқталысымен, кітапты қайтарып алады. Ендеше, отандық және әлем әдебиетінің терең мұраларын танып-білуге жол бастайтын шара Сіздерді де саябақта күтеді.