«Х-фактор» жобасы Шымкентте

600
Әсел және Әсем Әбдіманаптар

“Х-фактор” жобасы Шымкентте. IV маусым іріктеу шарасының шымылдығын жерлестеріміз түрді. Олар таңғы сағат 8-30-нан бері ұзын-сонар кезекке тұрып, қобалжып жүр. Қызу дайындық басталып кетті. Бірі өлең сөздерін жаттап жүрсе, екіншісі дауыс тынысын реттеуде. 16 жастан жоғары үміткерлер қатысатын жобадан жыл сайын үміт күтетіндер де аз емес.

Сарлан Кулиев, үміткер: «Мен биыл 4-ші рет қатысып жатырмын. «Х фактордың» ақтық жобасына қатысу менің басты арманыма айналды бүгінде. Сол мақсатыма жетпейінше қатыса бермекпін. Әрине, талап жоғары. Бұл жолы бұрындары айта алмаған, өзімнің бойымдағы талантымды көрсеткім келеді. Григорий Лепсонның әндері менің дауысыма арналған. Соның әндерін қазыр орындаймын деп жоспарлап отырмын. Қорқыныш, уайым бар менде. Жеңуге тырысып жатырмын енді. Адам көп, «конкуренция» да көп. Бірақ Құдай қаласа өзімнің өтетінімді сезіп тұрғандаймын».

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы. Бұл сәтте талай дүркін республикалық ән байқауларының жеңімпаздары, ағайынды 16 жастағы егіз сұлулар Әсел мен Әсем қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп үлгерді. Олар 2-кезеңге жолдама алатынына сеніп отыр.

Әсел және Әсем Әбдіманаптар
Әсел және Әсем Әбдіманаптар 2-кезеңге жолдама алатынына сеніп отыр

Әсел және Әсем Әбдіманаптар: «Қазылар алқасы жақсы қабылдады әнімізді. «Сәлем саған туған ел» атты патриоттық әнді орындадық біз. Жобадағы жолымызды патриоттық әннен бастағымыз келді бір жағынан. Құдай қаласа өтеміз деген сенімдеміз. Кейбіреулер 2-3 тіпті 4 әннен орындап жатыр. Енді жақсы айтқандардың бір әнінен-ақ орындау шеберліктерін байқап жатыр. Ал бізді 1-ші әннің жартысын орындамай-ақ, жақсы айтқанымызды айтып шығарып салды. Қуаныштымыз».

Бір қызығы ұйымдастырушылар бізді ғимаратқа кіргізбеді. Осылайша іріктеу шарасының өрбуі біз үшін жұмбақ болды. Жоба жетекшілері әзірге қазылар алқасының құрамын және қатысушылар санына берілген шектеу жоспарын жасырып отыр. Тіпті кімдердің 2-ші кезеңге жолдама алғанын да айтқан жоқ. Бірақ шымкенттіктердің арасында «Х-фактор» жеңімпазы болатын таланттар бар екен дейді музыкалық жоба жүргізушісі Арнұр Ыстыбаев.

Арнұр Ыстыбаев
Арнұр Ыстыбаев шымкенттік үміткерлерден алматылықтар басым болады деп күтеді

Арнұр Ыстыбаев, «Х Фактор» жобасының жүргізушісі: «Х-фактор»-дың 4-маусымы жалғасады. Әдеттегідей жарқын қала Шымкенттен бастап жатырмыз. Шымкент қаласының тұрғындары ашық-жарқын, бауырмал, жанашыр, бірін-бірін сыйлайтын халық болып көрінеді маған әрдайым. Себебі мұнда бәсекелестікті байқай бермейсіз. Тіркелу қағаздарын толтырар кезде немесе ән таңдау кезде де, киімдерінің сәні келіспей тұрса да бір дүниені ойлап тауып сол жерде бір-біріне сүйеніш болып, көмектесіп жатады. Таланттары да, дауыстары да бар олардың. Бүгін де осы жобаның жеңімпазы болуға лайықты адамдар болды, қазылар алқасын таң қалдырғандар кездесті. Бірақ менің олардың есімін айтуға құқым жоқ. Дегенмен біздің келесі қаламыз Алматы. Мүмкін Алматы қаласының тұрғындары Шымкент қаласынан асады деген ойдамын. Себебі онда таланттылар көп».

Үлкен сахнаны армандайтындар аз емес. Шоу-бизес белесінде биіктен көрінгісі келеді олардың да. Десе де талай таланттар осы жоба арқылы да өнердегі жолын тауып жүр дейді жоба жетекшілері. 2011 жылдан бастау алған музыкалық жоба «Х-фактордың» іріктеу кезеңі енді республикамыздың ірі қалаларында жалғасатын болады.

[youtube]http://youtu.be/9-kT5cMYwk0[/youtube]