Шымкенттегі қоғамдық көліктер тегін жүрді

Мұндай игі шара Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылды
Мұндай игі шара Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылды
Мұндай игі шара Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылды

Қасиетті Ораза айының келуіне орай, шымкенттік жолаушы тасымалдайтын компаниялардың басшылары бірнеше қалалық бағыттағы көліктерде жол жүруді ақысыз етуді ұйғарды.

Демалыс күні №84 бағытында екі, ал №74, 4, 6 және 58 бағыттарында 1 автобустан тегін жүрді.

Шымкент қаласының бас имамы Ербосын Орын «Ораза айындағы бұл шара халықтың береке-бірлігін арттыру» дейді. Айтуынша, автобустардың тегін қызмет етуі Рамазан айының соңғы күндерінің бірінде де жалғаспақ. Сонымен қатар, қаланың бас имамы шаһарымыздағы жетім-жесір, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жақын күндері ауызашар жасап беруді жоспарлап отырмыз дейді.

Ал жолаушыларды мұндай игі шараның тек бір күн болғаны қынжылтты. Осылайша, сенбі күні болған шарада 6 автобус халыққа күні бойы қызмет етті.

Ербосын Орын, Шымкент қаласының бас имамы: «Мақсатымыз сол – елді ынтымаққа, бірлікке шақыру. Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіру. Рамазан айының ұлық ай екені, сондай бір қасиетті ай екені, ол айларда адамдар бір-бірімен сыйластықпенен, татулықпенен, қол ұшын беру арқылы, бір-бірімен жақындасу мақсатында ұйымдастырып жатқан арнайы іс-шара».