Жерге таласып, тапсырыспен адам өлтірді

340
Күдікті азамат киллер жалдаған

Тапсырыспен жасалған қылмыс әшкере болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ақсукент ауылынң 28 жастағы тұрғыны кісі жалдап, әкесінің бәсекелесінің көзін құртыпты.

Күдікті азамат киллер жалдаған
Күдікті азамат киллер жалдаған

Бұл оқиға 18-маусым күні Ақсукентте орын алады. Кезекші бөлімге жеке үйдің ауласында ер адамның денесі табылғаны жайлы суыт хабар түседі. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің кісі қолынан мерт болғанын анықтайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер қолға түсті. Олар 28 жастағы Ақсукент ауылының және 20 жастағы Түлкібас ауданының тұрғындары болып шықты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=r6rzJ4v57s8[/youtube]

Бәленің барлығы жер дауынан басталады. Оққа ұшып өлген кісі күдіктінің әкесіне тиесілі жердің жартысын сот арқылы тартып алыпты. Соған ызалағанған күдікті әкесіндей кісінің көзін құртпақ болады. Бұл арам ниетін жүзеге асыруға 20 жастағы сыбайласы көмектесіпті. Ол мылтық атылған соң киллерді оқиға орнынан көлігімен алып кетеді.

Басты күдіктінің сыбайласы киллерді қалай алып кеткенін түсіндіруде
Басты күдіктінің сыбайласы киллерді қалай алып кеткенін түсіндіруде

Қазір адам атқан киллердің жеке басы анықталып, оған іздеу жарияланған. Алдын ала болжамға сәйкес, қылмыскер марқұмды аңшы мылтығымен атып салған.