Úı ANONS Сайрамдық тәртіп сақшылары ұстаздарды құттықтады

Сайрамдық тәртіп сақшылары ұстаздарды құттықтады

фото САПББҚ
Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермеков Мұрат Мұхтарұлы мен басқарма бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Ендібаев Руслан Бақытжанұлы, полиция полковнигі Қарсыбаев Ерғали Рахманбердіұлы Ұстаздар күніне орай аудандағы М. Горький атындағы №5 жалпы білім беру мектебінің ардақты ұстаздарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Іс-шара барысында ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі ерекше атап өтіліп, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.
Полиция қызметкерлері өз сөздерінде:  «Ұстаз — білім мен тәрбие нәрін беретін тұлға. Сіздердің төзімдеріңіз бен даналықтарыңыздың арқасында еліміздің болашағы жарқын болмақ. Қашанда абырой биігінен көріне беріңіздер!» — деп жүрекжарды тілектерін жеткізді.