Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол апаты орын алып, 6 адам опат болды. Түркістан-Балтакөл тасжолының бойында ГАЗ-53 жүк көлігі мен «Хюндай Старекс» шағын автобусы соқтығысты. Салдарынан «Хюндай» шағын автобусының 52 жастағы жүргізушісі, 35 жастағы келіншек пен оның 10 жасар қызы оқиға орнында мерт болды.
Өзге зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаға жеткізіледі. Соның ішінен 3 жолаушы жан сақтау бөлімінде есін жимаған күйі қайтыс болды. Олардың арасында 1 жасар сәби де бар. Полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Ол оқиға орнынан қашіп кетпек болғанымен, қолға түсті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N0s18EsGwSI[/youtube]