Қазан айында күн суытады. Күз шындап өз күшіне мінеді. «Қазгидрометтің» синоптиктері осылай деп болжам жасап отыр. Обылс аумағынан ауа ағымдарының өтуіне байланысты, алдағы күндері күннің райы салқындай бастайды. Облыс бойынша жел күшейеді.
Жауын-шашын жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +7,+12 градус жылы болса, кей жерлерде түнгі ауа температурасы +4-ке дейін төмендейді. Күндіз +20,+25, кей жерлерде +17 градус жылы болады. Шымкент қаласы бойынша қазанның алғашқы аптасында жел күшеюі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +24,+26 градус жылы болса, түнде +10,+12 градус жылылықты көрсетеді.