Түркістан облысында ауа-райының жауын-шашынды болуна «Жасанды жаңбыр» жобасының қатысы жоқ. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті. Әкімдік дерегінше, «Қазгидромет» мұны ауа-райы циклонымен байланыстырған. Ал жоба құм көшудің алдын алуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және ирригациялық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
Оны пилоттық негізде қолданысқа енгізу үшін Түркістан облысы таңдалған. Себебі аймақта соңғы жылдары құрғақшылық жиілеп, су тапшылығы артқан, шөлейттену қаупі күшейген.
Жоба бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Соңғы бір айда аймақта күн салқындап, жауын көбейген. Мұндайды күтпеген диқандар шағымданған. Олар егініміз жауын-шашыннан шіріді, оған жасанды жаңбыр жобасы себеп болуы мүмкін деген.
Дилара Иса






