Ақпан айының басында ауа-райының қолайсыздығынан қала көшелері мен саябақтарында ағаштар құлап, бұталар сынды. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде жарыса жазып жатты. Сонымен, төпелеген жауын-шашынның салдары қандай болды? Осы және өзге де сұрақтарға бүгін қала әкімдігі жауап берді.
Ақпан айының басында ауа-райының қолайсыздығынан 418 ағаш құлаған. 3 мыңға жуық ағаштың бұтасы сынған. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Жауын мен қар жұртты әбігерге салғаны, тұрғындардың кейбірі құлаған ағаштар шірігенін, оны кесуге өтініш білдіргенімен, жергілікті әкімдік елемегенін жазды. Дегенмен, қала әкімінің орынбасары әрі ресми өкілі Сәрсен Құранбектің уәжі бөлек.
Әкімдіктің ресми өкілі сол кезде 11 ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында басына ағаш құлап, мерт болған 10 жастағы баланың өліміне қатысты да жаңа деректер айтты.
12 ақпан күні Шымкентте жауыннан кейінгі қалың қар жұртты әбігерге салған. Су басқан көшелер, аялдамалар, әсіресе сынған ағаштар, оның астында қалып қойған көліктер туралы шағымдар көп болды. 10 жастағы баланың ағаш астында қалып, қайтыс болуы жағдайды одан әрі ушықтырған болатын.
Дилара Иса






