Шымкентте жеңіл автокөлік пойызбен соғысты. Бұл келеңсіз жағдай Чапаевка елдімекеніндегі бұрынғы еткомбинаты маңында орын алды.
Осындағы теміржолды кесіп өтпек болған Ауди 6 көлігінің иесі оң бүйірден келе жатқан пойызды көрмей қалыпты. Содан артқа жүріп, үлгере алмай, жүк пойызының астына түсіп қалды. Апат салдарынан жерге жанармай төгілген. Оқиға орнына құтқарушылармен қатар өрт сөндірушілер, апатты медицина орталығының қызметкерлері де келіп жетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HIeOibtw1ZI[/youtube]
Жүк пойызы жеңіл көлікті соққан соң 15 метрдей жерге дейін сүйреп апарған. Абырой болғанда жүргізушіні Құдай қаққан екен, дін аман қалды. Өрт сөндірушілер жалын тұтанбасын деп, көліктің үстіне көбік шашты. Қазір осы оқиғаны тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.