«Beeline Қазақстан» компаниясының жаңа ғимараты ашылды

349
Ашылу салтанатына қатысқандар орталықтың мүмкіндіктерімен танысты

Шымкенттіктерге нағыз мерекені Beeline Қазақстан компаниясы сыйлады.  Қаламызда компанияның тағы бір су жаңа ғимараты ашылды.

 Нұркен Өмірзақов -Шымкентте жаңадан бой көтерген Beeline Қазақстан компаниясының жаңа ғимаратына ең бірінші болып келді. Ғимараттың салтанатты түрде ашылуына тұспа-тұс келген оның қуанышында шек жоқ. Өзі соңғы жеті жылдан бері ұялы байланыстың осы түрінің қызметін тұтынады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gpFNByYj1nQ[/youtube]

Нұркен Өмірзақов: «Beeline Қазақстан» – әлемдік бренд. Байланыстың бірде-бір рет үзілген немесе тыс жерде болғанын естімегенмін. Оның үстіне тұтынушыларына деген қызметі де жақсы.»

 Күннің суығана қарамастан салтанатты шараға келушілердің қатары қалың. Олардың көңілдері де көтеріңкі. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, құнды сыйлық алған ағайын да болды. Әсіресе, қазақ этрадасының жарық жұлдызы Бүркіттің әні қонақтарды серпілтіп тастады.

Бүркіт әнмен шашу шашты
Бүркіт әнмен шашу шашты

Алдағы уақытта Beeline Қазақстан өз тұтынушыларын жаңа жеңілдіктер мен әрі тосын сыйлықтармен қуантпақ. Қызметкерлер өз абоненттерінің сапалы байланыс жүйесіне ие болуы үшін аянып қалмаймыз деп отыр. Бұл орталықта ғаламаторға қосылу әрі қосымша ақпарат алу үшін барлық жағдай жасалған.

Асқарбек Қазбеков, «Beeline Қазақстан» ЖШС Шымкенттегі филиалының директоры: «Жаңа кеңседе ақыл-кеңес аламын деушілерге барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, бірегей ғимараттар Түркістан, Сарыағаш, Кентау, Арыс аудан-қалаларында да ашылған. Біз байланыс желіміздің одан әрі дамып, жаңа технологияларды бағындыру үшін барымызды саламыз. Бұған қоса сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ұсынамыз.»

 

Ашылу салтанатына қатысқандар орталықтың мүмкіндіктерімен танысты
Абоненттер орталықта көрсетілетін қызметтермен танысуда

Сондай-ақ, Билайн абонеттері жаңа ғимаратта жылдамдығы жоғары 3 G интернетті де қолдана алады. Жаңалыққа жаны құмар жандардың Бауыржан Момышұлы даңғылы, нөмерсіз үйде орналасқан «Beeline Қазақстан» орталығына келіп, сапалы қызметтің куәсі болуына мүмкіндік бар.