Орталық мешітке келушілер қатары қалың

363
Орталық мешіт

Облыстың бас мешітінде де алғашқы Құрбан айт намазы оқылды. Шейх Ханифа Бен Зайд Аль Хаянның салдырған мешіт 7000 адамға арналған. Айт намазға келген мұсылман жамағатының қарасы қалың болғандығы соншалық, арасынан қыл өтпестей орын жоқ. Құлшылыққа келгендер тіпті мешіттің сыртында да иық тіресіп тұрды. Бұл мейрамның алғашқы күні жақсылап ғұсыл құйынғаннан кейін, әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару керек дейді имамдар.

Орталық мешіт
Орталық мешіт

Бейбіт Мырзагелдиев, ОҚО бас имамы: «Мешітте жақын айлардан бастап, жыл  он екі ай құрбандық шалуға арнайы орындар ұйымдастырылмақ. Ол еттер қаламыздағы от басы жағдайы төмен жанұялардың арнайы тізімі жасалып, соларға үйлестіріліп отыратын болады. Ал биылғы айт намазына келушілердің қатары  қалың. Әсіресе жастарымыздың дінге бет бұрғаны өте қуантады».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g6WMbOb__bQ[/youtube]

Құрбан — араб тілінде «жақындау», яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу дегенді білдіреді. Сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн.

Орталық мешітте құбандықтың алғашқысын облыс әкімі Асқар Исабекұлы шалды. Игі шара барлық мешітттерде де осылай жалғасын тауып, құрбндыққа шалынған еттер көпшілікке таратылды.