Жұлдызнама (16.10-23.10)

Турмалиннің түсі
Турмалиннің түсі
Турмалиннің түсі

Турмалиннің түсі – қызыл (рубеллит), қара (шерл), көк (индиголит), жасыл (верделит), түссіз болып келеді.  Шыны тәріздес. Қаттылығы – 7-7,5;  Жіктілігі жоқ.  Меншікті салмағы – 2,90-3,25. Турмалин зергерлік өнерде, радиотехникада, оптикада қолданылады.

Жұлдызнама (16.10-23.10)

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Тоқтылар үшін бұл апта қарбалас болмақ. Апта барысында сүйіктіңізбен, досыңызбен немесе жанұя мүшелерімен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Аптаның бірінші жартысында қызмет бабында бірқатар өзгерістер орын алмақ. Жұлдызшы мамандар ақшаны үнемдеп жұмсауға кеңес береді.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Торпақтар апта барысында іссапарға шығуы мүмкін. Нәтижесінде, маңызды келісімшарт түзісіп, олжалы оралмақ. Бұл аптада бойдақ Торпақтардың айы оңынан туып тұр. Олар үшін бұл апта жаңа өмірге қадам басып, шаңырақ көтеруге қолайлы болмақ.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

Жұлдызшы мамандар Егіздер жалқаулық танытпай, білек сыбана жұмысқа кірісуге кеңес береді. Нәтижесінде, қалтаңыз қалыңдап, көңіліңіз көтеріліп қалады. Дүкен аралап, үйіңізге қажетті тұрмыстық техника сатып алуға қолайлы апта.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Өз қабілетіңізді шыңдауға қолайлы апта. Отбасылық мәлелелерді шешуді екінші жартыңызға қалдырғаныңыз жөн. Демалыс күні сізді романтикалық кездесу күтіп тұр. Сүйіктіңіздің тосын сый жасауы ықтимал. Мамандар бұл аптада денсаулығыңызға немқұрайды қарамауға кеңес береді.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

Айыңыз оңынан туып тұр. Қызметте абыройлы, отбасыңызда сыйлысыз. Тынымсыз еңбегіңіздің арқасында қалтаңыз қалыңдап, жағдайыңыз жақсармақ. Дегенмен, «судың да сұрауы бар» екенін естен шығармағаныңыз абзал. Денсаулығыңызды күтіңіз. Демалыс күндері табиғат аясына шыққаныңыз жөн.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Қарқынды жұмыс істей білсеңіз еңбегіңіз бағаланады. Апта барысында Бикештерді жағымды жаңалық пен тосын сый күтіп тұр. Көмегіңізге зәру жандарға қолғабыс болыңыз. Жан сырыңызды кез-келген адамға ақтармаңыз. Түбінде бармақ тістеп қалуыңыз ықтимал.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

Таразылар үшін бұл апта бірқалыпты өтпек. Жұмыстан шаршасаңыз өзіңізге демалыс жариялаңыз. Бұл аптада көптен бері ойға алған жоспарыңызды орындаудың реті түсіп тұр. Сүйіктіңізбен саяхатқа шығуға қолайлы апта. Мамандар өз денсаулығыңызға немқұрайды қарамауға кеңес береді.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

«Еңбек етсең емерсің» деген қағиданы ұстансаңыз, ұтылмайсыз. Аптаның бірінші жартысы қарбалас өтпек. Дегенмен, еңбегіңіз бағаланып, бір марқайып қаласыз. Сондай-ақ, апта барысында материалдық жағдайыңызды жақсартудың реті түсіп тұр. Мамандар демалыс күндері ішімдік ішпеуге кеңес береді.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

Уақытты үнемдей біліңіз. Жұмыста және жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Мамандардың айтуынша, пысықайлық танытсаңыз ұтылмайсыз. Материалдық жағдайыңыз жақсарып, бағалы зат сатып алуыңыз мүмкін. Апта барысында сізді күтпеген кездесу күтіп тұр.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Аптаның бірінші жартысында маңызды шешім қабылдауға асықпаңыз. Әріптестеріңізбен сөзге келуіңіз ықтимал. Алайда, кек сақтамауға тырысыңыз. Қаржылық мәселеде екінші жартыңызға иық артсаңыз болады. Апта барысында тіс дәрігеріне қаралуды ұмытпағайсыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің» кебін киіп жүрмеңіз. Әрбір басқан қадамыңыз бен сөзіңізді бақылап жүргеніңіз абзал. Әріптестеріңізбен тіл табысуға тырысыңыз. Демалыс күндері үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

Апта жағымды жаңалыққа толы болмақ. Аптаның бірінші жартысында Балықтар белгісінде туылған нәзікжандылардың айы оңынан туып тұр. Ал, жаңа бастама бастағалы отырған азаматтардың серіктес табуда қателеспегені абзал. Маңызды құжатқа қол қоймас бұрын қабырғаңызбен кеңесіп алғаныңыз жөн.