«Досмұрат» шаруашылығы – мал бордақылау ісінің үздігі

908

Ордабасы ауданындағы «Досмұрат» шаруашылығының төрағасы Болат Аманбекұлы өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі.

 

Шаруаның ісі өзгеге үлгі болып тұр
Шаруаның ісі өзгеге үлгі болып тұр

Сондай-ақ, аудандағы мектеп пен балабақшаларды етпен қамтамассыз етіп отыр. Алғашында ауласында аз ғана мал басын бордақылаумен айналысып, бастаған шаруаның ірі қара, уақ малының саны бес жүз болған еді, қазір олардың саны алты жүзге жетіп отыр. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мемлекеттен қаржыландырылған шаруа қожалығы болашақта тағы да несие алып, жұмыс аясын кеңейтуді көздеп отыр. Іс жанданса аудан халқы еттен тапшылық көрмейді дейді шағын кәсіп иесі. Бүгіннің өзінде сұраныс жаман емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oE9y1U6Azzk[/youtube]