Úı Jańalyqtar Ордабасы ауданында санитарлық тәртіп пен инфрақұрылымды жақсарту мәселелері қаралды

Ордабасы ауданында санитарлық тәртіп пен инфрақұрылымды жақсарту мәселелері қаралды

фото ОАӘБҚ

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында өткен кезекті аппараттық жиын аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен қызметкерлері, бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері және жауапты сала жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс әрі тиімді тасымалдау мәселелері алдыға шығарылды. Сондай-ақ, полигондардың қазіргі жағдайы мен олардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Аудан басшылығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды назарға алды.

 

Сонымен қатар, жиында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету мен туристік орындардың ахуалы да қаралды. Ауданның туристік әлеуетін дамыту және оны тиімді пайдалану бағытында тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берді. Барлық бөлімдер мен жауапты мамандардың бірлесе жұмыс жүргізуі арқылы ауданның көркеюі әрі тұрғындардың әл-ауқатының артуы қамтамасыз етілетін болады. Аудан әкімі кеше өткен мәжілісте әрбір мәселе бойынша жеке тоқталып, жауапты басшылардың баяндамаларын мұқият тыңдап, нақты ескертулер мен тапсырмалар берді. Бұл мәжілісте ауданның түрлі салаларындағы өзекті мәселелер қаралып, алдағы жұмыс жоспары белгіленді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманалы Кадиев елді мекендердегі санитарлық жағдай мен абаттандыру жұмыстарының орындалу барысы туралы баяндама жасады. Ол баяндамада ауылдық жерлердегі тазалық пен көріктендіру жұмыстарының дұрыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, тиісті қызметкерлерге жауапкершілікті күшейтіп, жұмыстарды уақытында әрі сапалы орындау қажеттігін ескертті.  Мәжілісте барлық бөлімдердің жетекшілері өз салалары бойынша баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді орындауда атқарылатын шараларды нақтылады. Аудан әкімі алға қойған міндеттерді орындауда бірлесе жұмыс жүргізуді, әрбір мәселеге жауапты тұлғалар тарапынан бақылау мен жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, мәжіліс барысында «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» іске асырылуын, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, әр түрлі салалар бойынша кадрларды даярлаудың жаңа моделі туралы джа кеңірек сөз қозғалды. Сала басшылары дәл осы бағыттар бойынша атқарылып жатқан шаруалары туралы баяндап өтті. Негізгі басымдық ауыл шаруашылығымен айналысатын болғандықтан ауданда осы салада тер төгіп жүрген азаматтар көп. Аудан әкімі барлық мәселелердің мән-жайын толық талқылап, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалатынын жеткізді. Барлық жауапты қызметкерлердің бірлесе жұмыс істеуі арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру көзделуде.

Келесі мәселе – қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және полигондардың жағдайы жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Искаков қалдықтарды тасымалдау кестесі, техниканың жеткіліктілігі және полигондарды ретке келтіру жұмыстары туралы ақпарат берді. Аудан әкімі бұл салада да бірқатар мәселелер бар екенін айтып, нақты шараларды қабылдауды талап етті.

 

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова жол бойындағы сервис нысандары мен туристік орындардың сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндады. Ол туристік саланың аймақтағы экономика мен мәдениетті дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, қызмет көрсету мәдениетін көтеру арқылы туристердің көңілінен шығатын жағдай жасауға ерекше мән берілетінін айтты. Патима Ташимова өз сөзінде, туристік орындардың сапасын жақсарту үшін сервистік қызметті жаңғырту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, жол бойындағы сервистік нысандардың инфрақұрылымын жаңарту және туристердің талаптарына сай болуын қадағалау керектігін атап өтті. Аудан әкімі де өз сөзінде аудан туризмін дамытуға үлкен мән берілетінін, бұл саланың экономикалық өсім мен халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ететінін айтты. Аймақтың туристік әлеуетін толық пайдалану үшін жұмыстарды жандандыру және бірлесе атқару қажеттігін ерекше назарға алды. Жалпы алғанда, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі мен аудан басшысы туризм саласын дамыту бағытында бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы іс-шараларды қарқынды жүзеге асыруға шақырды. Бұл жұмыстар нәтижесінде ауданның туристік әлеуеті артып, туристер санының ұлғаюына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірілді.

 

Жиын соңында қосымша мәселелер де кеңінен қаралды. Атап айтқанда аудан жұртшылығының газет-журналдарға жазылу белсенділігін арттыру, әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылуы, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары. Әр бағыт бойынша жауаптылар егжей-тегжейлі есеп беріп, аудан әкімі тарапынан әсіресе өрт қауіпсіздігі мен газдан уланудың алдын алу шаралары жөнінде әрбір жанұяға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тиісті ескертулер мен нақты тапсырмалар берілді.

Жиынды қорытындылаған Азат Оралбаев көрсетілген барлық бағыттарда жұмысты жандандыруды, кемшіліктерді жедел түрде түзетуді және тұрғындармен кері байланысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, ауданның тұрақты дамуы әр саланың үйлесімді әрі жауапты жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.