Түркістан облысының Ордабасы ауданында халықпен кері байланысты нығайту және нақты мәселелерді шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Өткен аптада аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары жол сапасын жақсарту қажеттігін атап өтіп, бұл мәселеге ерекше мән берілді. Аудан басшысының тапсырмасымен бұл мәселені шешу үшін нақты жұмыстар қолға алынды.
Жалпы, тұрғындардың өтініші бойынша Төрткүл елді мекенінің бірнеше көшесінде асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев, Т.Тоқтаров және Ә.Молдағұлова көшелерінде жүргізілген жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың көңілінен шықты. Бұл шара қала көшелерінің тартымдылығын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге септігін тигізуде.
Жалпы бүгінде жол жөндеу жұмыстарына көбіне ауыл тұрғындары тартылған. Бұл өз кезегінде ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Одан бөлек, жұмыс атқару барысында еңбек қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде оқыс жағдайлардың алдын алуға сеп болмақ. Жалпы, аудан әкімдігі тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың мұң-мұқтажын ескере отырып, инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыра бермек. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Ордабасы ауданы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі жақсара түседі деп сенім білдірілуде.
Жаңартылған жолдар ауылдың келбетін көркейтіп, тұрғындардың өмір
Жаңартылған жолдар ауылдың келбетін көркейтіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыра түседі. Бұл жобаның жүзеге асуы арқылы ауыл ішіндегі көшелердің сапасы жақсарып, қауіпсіздігі арта түседі. Таза әрі ыңғайлы жолдар балалардың мектепке қауіпсіз және уақытында жетуін қамтамасыз етіп, ата-аналардың алаңдаушылығын азайтады. Сонымен қатар, қоғамдық қызметтерге қолжетімділік жақсарады, бұл ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына оң әсер етуде. Қоғамдық көліктің қозғалысы жеңілдеп, ауыл тұрғындарының қала мен басқа да елді мекендерге қатынауы оңай болады. Жалпы, жаңартылған жолдар ауылдың экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға септігін тигізеді. Осылайша, ауылдың болашағы үшін маңызды әрі қажетті қадам жүзеге асырылуда.







