Шымкентте әлеуметтік нан тапшы

465
әлеуметтік дүкен

 Шымкенттегі әлеуметтік дүкендерде нан жоқ. Ас атасының арнайы сауда орындарында сатылмауы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге ауыр тиетіні жасырын емес. Осыдан бірер жыл бұрын азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ашылған бұл дүкендердегі бағаны тілшілеріміз байқап қайтқан болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vLTg-vboiB8[/youtube]

Дүкен сөрелерінен нан көрінбейді. Оның орнын жекеменшік наубайханалардың өнімі басқан. Олардың бағасы басқа жерлердегіден кем емес. Аты бар, заты жоқ әлеуметтік дүкенге арзандатылған бағадағы нан келмегеніне біраз болыпты. Мұны сатушылар растап отыр. Соңғы үш айдан бері әлеуметтік нан біраз дүкендерге жеткізілмеген. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары бір бөлкені 40 теңгеден сатып алуға мәжбүр.

Бірнеше дүкендерді араладық. Барлығында жағдай бірдей. Мұнан соң бір жарым жыл бұрын бағаны реттеу үшін арнайы штаб құрып, меморандумға қол қойған қалалық әкімдікке келдік. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы бұл мәселе бойынша сұхбат беруге құзыры жоғын түсіндіруге тырысты. Ал жауапты деген қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова облыс әкімдігінің рұқсатынсыз мәлімет бере алмайтынын айтты.

әлеуметтік дүкен
Әлеуметтік дүкен

Ал бүгін өңірімізге жер салығындағы өзгерістерді түсіндіруге келген ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бізде нанның құнын көтеруге негіз жоқ. Бөдке нанның 40 теңгеге қымбаттағанын естіген министр таңданысын жасырмады.

 Асылжан Мамытбеков, ауыл шараушылығы министрі: «Астықтың енді жиналып, науқанның енді бітіп жатқанына байланысты кейбір бидай сатушылар, ұн сатушылар бағасын қымбаттатқанын ескере отырып, облыс әкімдігімен, әлеуметтік корпорациямен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ешқандай проблема жоқ. Орталық Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанда бидайдың бағасы әр тоннасына 28 мың теңгеден сатылып жатыр. Бұл — былтырғы бағадан арзан.»

Сөйтіп, біз Солтүстік пен Орталық Қазақстан облысынан да озып кеттік, алдымызға жан салмай, елден бұрын басқаны қойып, нанның бағасын көтердік. Дегенмен, сапасы соған сай болса, қанекей.