40 жастағы әйел биіктен құлап, мерт болды

255
Шұғыл түсірілім

Шымкентте қайғылы жағдай орын алды. Қабанбай батыр даңғылының бойындағы көпқабатты үйден 40 жастағы келіншек құлап кеткен. Жетінші қабаттан секірген 1973 жылы туған әйел төмендегі сауда үйінің шатырына түсіп, тіл тартпай кетті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Оның мәйітін құтқарушылар арнайы альпинпистік жабдықтарды қолдана отырып, дүкен шатырынан түсіріп алды. Осы үй тұрғындарының мәлімдеуінше, әйел құлаған пәтер жалдамалы баспана екен. Бұл күні марқұм сол пәтерде бір ер азаматпен бірге болған деген болжам айтылуда. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның себебін анықтап жатыр.