Шу аудандық соты қолхат бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы екі әйел арасындағы дау бойынша азаматтық істі қарады.
Жауапкер ұлының ломбард алдындағы қарызын өтеу үшін талап қоюшыдан қаржылық көмек көрсетуді сұраған. Уақытша қаржылық қиындықтарға сілтеме жасай отырып, әйел талап қоюшыны 3 ай ішінде ақшаны толығымен қайтаратынына сендіріп, қарызды шұғыл түрде төлеуге көндірген.
Берілген уәделерге сеніп, ол өз атына несие рәсімдеп, 525 мың теңгені аударған. Өз міндеттемелерін растау үшін жауапкер қолхат жазып, онда ол барлық соманы белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттенген. Мерзімі аяқталғанына қарамастан, қарыз қайтарылмаған. Сонымен қатар, әйел телефон қоңырауларына жауап бермей, оның мекен-жайына жіберілген сотқа дейінгі шағымды елемей, бұрынғы тұрғылықты жерінен кетіп, өзіне қабылдаған міндеттемені орындаудан жалтарған. Сот, дәлелдемелерді, соның ішінде қолхат пен қолма-қол ақшаны беруді растайтын құжаттарды зерттеп, мәлімделген талаптардың дұрыстығы туралы қорытындыға келді.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды: жауапкерден 525 мың теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасы, сондай-ақ сот шығыстары өндірілді. Шешім ақшалай қаражатты адал қарызға берген азаматшаның мүліктік құқықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз етті. Шешім заңды күшіне енген жоқ.







