Мұхит Әлі: «Өңіріміздегі жұмыссыздық азайды»

286

Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 пайызға төмендеді. 2013 жылға қорытынды жасаған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Әлі осылай деп мәлімдеді.

 Кедейшілік деңгейі мен жұмыссыздар санының төмендеуі «Жұмыспен қамту – 2020( бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылуында деп түсіндірді басқарма басшысы. Мәселен, осы мемлекеттік бағдарлама аясында 10 мың 103 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 4783 адам қайта оқытылып, солардың 99 пайызы еңбекпен қамтылған. Сонымен қатар 6 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, оған 324 отбасы қоныстанған. Десек те, бағдарлама аясында несие аламын деп дәметкен қаншама азамат бұл қаржыға қол жеткізе алмапты. Осылайша бұл бағыттағы белгіленген меже, әсіресе, Сайрам, Арыс аудандарында орындалмаған.

Мұхит Әлі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: «Біздің сұраныс пен олардың болжаған қызметі сәйкес келмегендіктен, біз ол ақшаны бермедік. Қазір осылайша бізде 18 миллион теңге игерілмей, өзімізде қалып тұр.»