Шымкент маңындағы елдімекендердің жоспары талқыланды

268

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі шаһардың 6 ауданының нақты жоспарлау жобасын талқылады. Шымкенттің «Батыс», «Солтүстік саяжай», «Бадам-3», «Ақжар», «Ақжар – 2», «Ақтас» елдімекендерінде 5 қабаттан 12 қабатқа дейінгі биік үйлер салынып, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандармен толығатын болады.

 Мәселен, әлі бірде-бір құрылыс нышаны жоқ «Ақжар – 2» шағынауданына 90 мың халық қоныстанбақ. 9 мектеп, 18 балабақша салынатын шағынауданда көпқабатты үйлердің саны басым болмақ. 2014-2020 жылдар аралығында іске асатын жобаларды жиында төтенше жағдайлар мамандары мен СЭС мамандары талқылап, қауіпсіздікті пысықтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CT8vX7ijb10[/youtube]