Қымбат көлік қаланың қақ ортасындағы қоршауды қиратты (видео)

185
Шұғыл түсірілім

Шымкентте жексенбі күні кезекті жол апаты орын алды. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Республика даңғылының бойында болды. Тойота-Камри маркалы көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, жолды бөліп тұрған темір қоршауға келіп соғады. Соның салдарынан көліктің тұмсығы бүлінді. Ал темір қоршаудың бір бөлігі тас-талқан болып қирады.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Жол апаты шамамен күндізгі сағат 12 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік темір қоршауға соғыса салысымен іштен шыққан жүргізуші қол сөмкесін алып, оқиға орынан тайып тұрыпты. Сол жерге келген полиция қызметкерлері жол апатын тіркеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=STeBkL6O-lU[/youtube]

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізушілердің осылайша оқиға орнына қашып кетуінің өзіндік себебі бар. Көбінесе жол апатын жасағандардың не құжаты түгел емес, не спирттік ішімдік ішіп алған болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушінің мәселесімен әкімшілік полиция қызметкерлері айналысып жатыр.