Жаңалықтар 

Оңтүстік пен Қостанай облыстары серіктестерге айналады

Қазақстанның барлық аймақтары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Облыстар әріптестігін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысы бастады. ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болашақ серіктес болуға уағдаласқан қос тарап бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады. Оңтүстіктің экономикалық әлеуетінің жоғарылығы мен мұндағы кәсіпкерліктің өркендеу сатысы. Қостанайлық әріптестерді қызықтырған біздегі артықшылық — осы. Дөңгелек үстелде осы мәселелерді талқылаған қос облыс басшылығы болашақта бірлесіп жұмыс істеуге құлшынып отыр. Қос облыстың серіктестігінің арқасында үлкен жоба іске асатын болды. Бұдан былай жедел жәрдем көлігі Қостанайда құрастырылса, Оңтүстік оны қажетті құрылғымен қамтамасыз етеді. Бірлесіп жұмыс істеу…

Read More
Жаңалықтар 

Сайрамда тарихи жәдігерді жойып жатыр (фото)

18-сәуір — халықаралық ескерткіштерді қорғау күні. Бүкіл әлем тарихи ескерткіштерді қорғау күнін тойлап жатқанда Сайрам ауданында ежелгі жәдігер жойылып барады. Ал Шымкенттегі көне қала орны қараусыз қалды. Оны «Аспан асты мұражайына» айналдыру бастамасы бұл күндері ұмытылып барады. Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры: «Мына темір тордың артында экскаватор тұр. Ол экскаватор жасырын түрде жерді қазып, біздің мәдени мұра, жәдігерлеріміздің барлығын қиратып жатыр. Осы жерден 100 метр жерден өткен жылы алтын және күміс көмбе табылған. Ол — Ақсақ Темір заманына тиесілі. Біздің ойымызша, сондай жәдігерлер осы жерде де қалып кетуі мүмкін. Сондай-ақ,…

Read More
Оқыс оқиға 

Жас бала суға ағып кетті

Шымкентте 3 жасар бала суға кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай түнгі сағат 22:30 шамасында «Самал-3» шағынауданында орны алды. Осындағы арыққа құлап, ағып кеткен сәбидің мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан. Бұл — бүлдіршіндердің суға тұншығып қалуына байланысты жыл басынан бері орын алған үшінші жағдай.  Жақында ғана Қызылжар шағынауданындағы қайғылы оқиғада 2011 жылы туған сәби Бадам өзеніне абайсызда құлап кетіп, қаза тапқан болатын. Төтенше жағдай департаментінің мамандары ата-аналарды жас балаларға барынша мұқият болуға шақырады.

Read More
Оқыс оқиға 

Жасырын казино әшкереленді (видео)

Қаржы полициясы Шымкенттегі жеке үйлердің бірінде астыртын жұмыс жасап келген казиноны анықтады. Заңсыз ойынхана Қазыбек би көшесіндегі екі қабатты үйде орналасқан екен. Арнайы жасақ жасырын казиноға табан астында тап болғанда ғимаратта құмар ойынға қызығатын оннан астам тұлға анықталды. Бір қызығы, оларды тергеуші сұрастыруды бастағанда астыртын казинода «жай, қыдырып» жүргендерін айтып, ақталған. Арасында құмар ойнауға келгенін жасырмағандар да болды. Қаржы полициясының қызметкері заңсыз ойынхананың ұйымдастырушысын да сол жерден ұстап алды.

Read More
Жаңалықтар 

Алапесті ауыздықтауға болады

Витилиго дерті дендеп барады. Халық арасында «Алапес» атанып кеткен ауруға жер шары адамдарының 4 пайызы шалдыққан. Алайда осы дертті емдеп жүргендердің мәліметі басқа. Яғни, алапеске шалдыққандардың қатары бұдан да көп дейді. Алаңдататыны сол — ауру жасарып барады. Алапесті дәрігерлер Гансен ауруы деп те атайды. Бұл дерт — жұқпалы емес, баяу өрбиді және жазылмайды. Көбіне тұқым қуалайтын дерт. Алайда соңғы зерттеулер бойынша алапес дертіне шалдыққан адаммен бірге өмір сүретіндерді де әр алты айда тексеруден өткізіп тұру керектігі анықталды. Яғни, дерт жұқпалы түрде де өрбитін формаға көшкен. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниежүзілік витилигоны зерттеу…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте жөн-жосықсыз ескерткіш орнатуға тыйым салынған

Оңтүстіктегі ескеркіштің барлығы бірдей заңды ма? Бұған дейін ел басқарған, мектеп ашқан, тіпті, депутат болғандардан бастап, ең ақыры, өмірінен ешқандай өнеге қалмағандарға да ескерткіш орнатылып, елді шулатқан өңірімізде бой көтерген ескерткіштердің көбі талапқа сай емес.  Табан тиген жер тарихтан сыр шертетін Оңтүстіктегі ескерткіштердің саны бір мың екі жүзден асады. Оның мыңы археологиялық болса, қалғаны сәулет жәдігері. Ал облыс орталығы Шымкентте жиырмадан аса тас мүсін бар. Тек сол бой көтерген мүсіндердің басым бөлігі талапқа сай емес дейді сәулетшілер. Бағлан Балғынбаев, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің аумақтарда құрылыс салу секторының меңгерушісі: «Бірінші,…

Read More