Спорт 

«Ордабасы» клубында — жаңа бас бапкер

«Ордабасы» футбол командасына жаңа бапкер келді. Ол — бұған дейін «Ақжайық» футболшылары мен Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған Саулюс Ширмялис. Бір айта кетерлігі — клуб басшылығы мен литвалық маман әлі келісім-шартқа қол қойған жоқ. Алайда, клуб басшылығы маманмен жұмыс істеуге бекініп отыр. Бас бапкермен ордабасылықтар сәуірдің үші күні танысатын болады. Сондай-ақ, Ширмялиспен бірге оның көмекшісі словакиялық Йозеф Шкрлик те келеді деп күтілуде. Қос маман кезінде Ақжайықта және жастар құрамасында бірлесе жұмыс атқарған болатын. Өмірбаяны Аты-жөні: Саулюс Ширмялис Туылған уақыты: 31.05.1956 ж Туылған жері:  Биржай (Литва) Азаматтығы: Литва Лицензия УЕФА: PRO (Литва, 2013)…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттің бас ұстазы қызметінен кетті

Шымкенттің бас педагогы қызметінен кетті. Оған өзінің жеке өтініші негіз болған. Қалалық білім бөлімін Жанат Арысбекқызы 5 жыл бойы басқарды. Әзірге оның қандай қызметке кеткені және әлеуметтік маңызы орасан бұл салаға енді кім басшы болып келетіні белгісіз. Қалалық білім бөлімі бастығының міндетін уақытша орындауға экс-басшының орынбасары Ғабит Тұрғымбеков кірісті.

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент зообағында құстар көбейеді

Шымкент зообағында құстардың қатары артпақ. Тіпті 10 жылға жуық уақыт бойы көбеймеген тасқара құсы да мамыр айының алғашқы күндері балапан басып шығармақ екен. Ал дүние жүзі бойынша жойылып кету қаупі бар құстардың жағдайы және Шымқалаға шетелден әкелінген қанаттылардың қатары қаншаға толығып отырғаны да жерлестеріміздің қызығушылығын тудырып отыр.  Алтын түсті қырғауылдың саны Шымкент зообағында бесеу-ақ. Таулы орманда мекендейтін құстың тұқымы Қытайдан әкелінгеніне 15 жылдан асқан. Тауық тәрізділер жасағына жататын құстың салмағы бір келіге де жетпейді. Алдағы уақытта жойылып кетудің алдында тұрған қанаттының осы түрін көбейту қолға алынбақ. Меруерт Елубаева, зообақтың құстар…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік еліміздің ең басты азық-түлік орталығына айналады

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең басты азық-түлік орталығына айналады. 2016-2020 жылдары толықтай жүзеге асатын жобаның жалпы жұмыстарын қазір облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары әзірлеп жатыр. Бұл дегені, алдағы жылдарда азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің қатары күрт өседі деген сөз. Сайрам ауданындағы сүт зауыты бұрыннан-ақ ағарғанымен өңір жұртын қамтып келе жатқан серіктестік. Бұл жердің 10 түрлі өнімінен жергілікті жұрт пен Шымкент, Түркістан, Кентеу, Сарыағаш, Төлеби, тіпті, Тараз қаласының халқы да дәм татып жүр. Уәлихан Жамалбек, зауыт директоры: «Мынау — біздің жаңа цехымыз. «Сайрам сүт» өнімдеріне сұраныс көбейгеніне байланысты біз жаңа заманауи цех…

Read More
Жаңалықтар 

Кентауға қатынас тоқтауы мүмкін

Кентауға қатынау қиын болып тұр. Түркістан-Кентау тасжолындағы жалғыз көпірдің жайы сын көтермейді. Амалдап отырған айналма жолды су шайып кеткен. Бұл көпірді кентаулықтар «Қылкөпір» атап кеткен. Сол себепті де жандарын шүберекке түйіп өтеді. Осыдан бірер жыл бұрын арнайы мамандар дәл осы көпірді ескірген әрі жарамсыз деп жариялаған болатын. Көпір Түркістан мен Кентау тасжолының 25-шақырымында орналасқан. Жарты ғасырдан астам жолаушыларға қызмет көрсеткен. Соңғы жылдары көпірдің қабырғасы қаусап, бетондары үгіле бастаған. Сол себепті көлік өтуге қауіпті деп, арнайы айналма жол салынды. Жыл сайын жөндеуден өтетін айналма жолды көктемде су шайып кетіп, ескі көпір…

Read More
Жаңалықтар 

«Аялаған Астана!» дарынды балаларды іздейді

Астана күніне орай Елордада «Аялаған Астана» атты республикалық поп-әншілер байқауы биыл екінші мәрте ұйымдастырылмақ. Басты мақсат – жас дарындардың шығармашылық қабілетін ұштау. Әр қалада өтіп келе жатқан іріктеу кезеңі шымкенттіктерге де келіп жетті. Бұл күні облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығына ата-аналар мен талантты ұл-қыздар көптеп жиналды. Жеті жасар Жанель италянша ән шырқады. Әділқазылардың қойған сауалдарына да қысылып-қымтырылмай жауап берді. іріктеу кезеңінен сүрінбей өтсем дейді өзі. Байқауға келіп, бақ сынауға ниеттенген ұл-қыздардың өнеріне талантты әнші Гүлнұр Оразымбетова мен Батыр Байназаров баға берді. Сарыағаштан үрмелі аспабын арқалап Рамазан да жетіпті, Ол Нұрғиса…

Read More