Жаңалықтар 

Жеңіс күні «Мәңгілік даңқ» шеруі өтеді

«Олар оралған жоқ!»  «Отырар» телеарнасы, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің ұжымы Жеңіс күні құрметіне орай осындай атаумен бастама өткізіп, қан майданнан оралмаған жауынгерлердің есімін жаңғыртуда.  Игі шараға қала және облыс әкімшілігі де қолдау көрсетті. Соның арқасында мамырдың-9ы күні Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов  стадионы алдынан басталатын «Мәңгілік даңқ» шеруі Абай саябағындағы  мәңгілік алауға дейінгі аралықта жалғаспақ. Әдекеш әжейдің әкесінен қалған естелігі — сарғайған суреттер ғана. 1942 жылдың ақпанында майданға аттанған әкесі Ыдырыс Оспанов сол жылдың күзінде, 33 жасында соғыс алаңында мерт болған. Сүйегі Ресей топырағына жерленіпті. Бұл мәліметтерден Әдекеш Ыдырысова араға 66…

Read More
Спорт 

«Отырар» телеарнасының футбол командасы — чемпион!

Шымкентте «Оңтүстіктің креатив жастары» ұйымының ұйымдастыруымен Алаш арыстары — Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына арналған шағын футболдан журналистер мен блогерлер, жастар ұйымдарының арасында турнир өтті. Жарыста екі топқа бөлініп сегіз команда бақ сынаған болатын. «А»  тобында «Студенттер Альянсы», » Қазақстан-Шымкент» телеарнасы, Астана мен Алматы қалаларынан келген блогерлер және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма командалары өнер көрсетті. Ал «Б» тобында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі,  «Оңтүстік Қазақстан» газеті, «Жас отан», «Отырар» телеарнасының командалары ойнады. Алғашқы ойында арнамыздың командасы облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ұжымына 2-3 есебімен ұтылып, соңынан «Жасотандықтарды» 4-0…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы

Облыстың жылдың басынан бергі 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысы жария етілді. Жалпы өңірлік өнім, өнідіріс, ауыл шаруашылығы, білім және де өзге салаларға бөлінген қаражат, жүзеге асатын жобалар жайлы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады. Облыс бюджетінің көлемі 467 миллиард теңгені құраған. Ауыл шаруашылығында жыл басынан бергі 3 айда өндірілген өнімнің құны 34,7 миллиард теңгені құрап, 3,5 пайызға артқан. Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз ресмпубликада 5-орында. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын 805 мың гектарға егу жоспарланып отыр. Егістікті әртараптандыру мақсатында мақта және бидай алқаптары кемітіліп, орнына…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент зообағына жолбарыс жеткізілді

Шымкент хайуанаттар бағы тағы бір жануармен толықты. Зообаққа Оңтүстік-Шығыс Европа жерінен Амур жолбарысы әкелінді. Молдавияның «Кишинев» зообағынан әкелінген шері 20-мамырда 1 жасқа толады. Шымкент зообағы оны екі жыртқыш құсқа айырбастап алған. Бойынан балалығы кетпеген Бек есімді шөнжіктің тағылығынан еркелігі басым.  «Бір күнде бір рет мәлі береміз. Бес келі ет жейді. Өзі момын, қолға үйренген. Мұнда келгенде жатсынбады. Бұл бала ғой әлі. Өзімізбен тіл табысып кеткендей болды» дейді жыртқыш аңдар бөлімінің қараушысы Айсұлу Жұтшыбаева. Бектің мұнда тағы екі көршісі бар. Ұрғашы жолбарыс өлекшіннің есімі Мая болса, оның күшігі Жеңісгүлдің жасы үште. Жеңісгүл…

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әкімі полицейлердің жарақтандырылуымен танысты (видео)

Таяуда Оңтүстік Қазақстаноблысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық ішкі істер департаментінде болып, департамент құрылымдарының техникалық жарақтандырылу жағдайымен танысты. Сап түзеген полиция арнайы жасағының дайындығын көрген өңір басшысы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заман талабына сай жасақтауға облыс әкімдігі тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті. Бұған қоса Асқар Исабекұлы бұл мақсатта қыруар қаржы да бөлініп отырғанын айтты. Кез келген өркениетті мемлекет үшін қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу сынды міндеттер аса маңызды екеніне тоқталған Асқар Мырзахметов жергілікті жерде құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар одан…

Read More
Оқыс оқиға 

Түлкібаста екі адамды пойыз басып кетті

Түлкібас ауданындағы «Састөбе — Көктерек» теміржол телімінде екі шойын жол қызметкерлері пойыздың астында қалды. Қайғылы жағдайа 22-сәуір күні түс ауа, сағат 15:35-те теміржол учаскесінің 3 347-шақырымында орын алған. Атап айтқанда, №208 жүк пойызы аймақтағы теміржол мекемелерінің бірінде жұмыс істейтін электрмонтері, 1967 жылы туған азамат К мен электрмеханик, 1966 жылы туылған А-ны басып кеткен. Соның салдарынан бір азамат оқиға орнында мерт болып, енді бірі дене жарақаттарын алған. Бұл азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартып отыр.

Read More