Жаңалықтар 

Әлеуметтік азық-түліктің бағасын кім белгілейді?

Зейнетақы мен еңбекақы өсе сала, азық-түлік бағасы өзгере шықты. Базарды айтпағанда, тұрақтандыру қорының тауарлары да қымбаттаған. Бұған дейін картопты 65 теңгеге алып келген тұрғындар оның бес теңгеге қымбаттағанын айтады. Тұрақтандыру қорының тауарын әр базардың алдында кездестіруге болады. Алғашында картоп, сәбіз, құмшекер мен ұн сататын. Бүгінгі таңда тауарлар көбейген. Есесіне бағасы да өзгеріпті. Алғашында картопты 65 теңгеден, шекерді 128 теңгеден сатып алып жүрген халық соңғы күндері бағаның өскенін бірден байқапты. Базарда да бұл бағалар кездеседі. Бірақ, азық-түліктің сортына қарай. Картоптың нашары 65 теңге, ең жоғары сұрпы 90-100 теңге аралығында сатылуда. Ал…

Read More
Нұр Отан Жаңалықтар 

«Нұр Отан»: «Баға шарықтап барады»

Девальвация нарықтағы бағаға әсер етпейді деген шенеуніктердің уәдесі — бос сөз. Өйткені, нарықтағы азық-түліктің нарқы бұрынғымен салыстырғанда 20-дан 100 теңгеге дейін қымбаттаған. Мұндай мәліметті шаһардағы сауда орындарын аралап, «Нарық пен халық» қоғамдық қабылдауын өткізген «Нұр Отан» партиясының мүшелері жайып салды. «Нұротандықтар» қарапайым халықтың «Баға шарықтап барады» деген сөзін қос қолдап қолдайды. Өйткені, расы да сол. Тіпті, билік мүшелері базарларға сараптау жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған әлеуметтік сауда орындарын да көрмегенін растады. Ал бар болған күннің өзінде онда бүгінде азық-түлік арзан бағада сатылып жатқан жоқ екен. Мүбарак Тешібаева, қала тұрғыны: «Мәселен,…

Read More
Жаңалықтар 

Балалар пойызы биыл да жүрмеуі мүмкін

Шойын жол — апатты жағдайда. Бас стансадан соңына дейін. Қазір құзырлы мекеме балалар пойызын осы олқылығы үшін жүргізбей қойған. Қазір теміржолдың бас станциясына бара қалсаңыз, пойыздың қаңтарылған құр қаңқасын ғана көресіз. Ал оның күрделі жұмысына қазынадан қашан қаржы бөлінері белгісіз. Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы: «Теміржолдың 6,2 шақырымы, яғни, барлық жолы апатты. Осыған бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір сметалық-құжаттар дайындалып жатыр. Мүмкін, осы шілде айының ішінде пайдалануға қосу қаралып жатыр. Яғни, 1-маусым — балаларды қорғау күнінде де теміржол іске қосылмайды.» Үп-үлкен пойыздың кішкене ғана көшірмесі бір кездері…

Read More
Жаңалықтар 

Бүйрек жетіспеушілігі асқынып тұр

2-сәуірде бүкіл әлем бүйрек күнін атап өтеді. Осылайша бүйрек ауруының белең алып бара жатқанынына қоғам назарын аударғысы келетін дәрігерлер бұл дерттің бірнеше себебін анықтап отыр. Қант диабетінен және жоғары қан қысымынан зардап шеккен науқастар бүйрек транспланциясының кезегін толықтыруға мәжбүр. Қос бүйректі теңдей бөліскен Әміровтерге осыдан бір ай бұрын трансплантациялық ота жасалды. Жаңаша операцияны жергілікті дәрігерлер кәріс мамандардың көмегімен іске асырды. Науқастардың отадан кейінгі жағдайы жаман емес. Әйтсе де бауырлар дәрігерлер бақылауында тұрады. Бүгінде облыста әртүрлі бүйрек ауруымен ауыратын 300 адам кезеке тұр. Донор табылса, дәрігерлер жасанды бүйрекпен жүрген жандарға көмек…

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әзілкештері жаңа қойылым қойды

Метранпаж деген не? Драматургиясына осы атау арқау болған шығарма облыстық сатира және әзіл-ысқақ театрында сахналанды. Қойылым режиссері — алматылық Ержан Қауланов. Орыс драматургы Александар Вампиловтың 1960 жылдары жазылған «Метранпаж» атты пьессасының оқиғасы қонақ үйде орын алады. Басты кейіпкері де «Тайга» қонақ үйінің қожайыны. Ержан Қауланов, режиссер: «Қойылымның мақсаты — қазір көптеген адамдар өз құқықтарн біле бермейді. Тіпті оларға заңсыз жасалған айыппен де келісіп кете береді.  Соның салдарынан талай жерде шатасып та жатады. Шығарманың айтар ойы — тізденіп, оқу керек. «Атақ, ақшадан арларың таза болсын» деген автордың сөздері бар. Пьесаны қоюда мен автордың…

Read More
Жаңалықтар 

«Аймақтар аламанының» жеңімпаздары марапатталды

Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған гала-концерт өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай «Хабар» телеарнасында «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауының екінші маусымы басталған болатын. Бұл жоба көрермендердің көзайымына айналып, 4 айға жуық көпшілікті көк жәшікке телміртті. Аталған телебайқауға 14 облыстың өнерпаздары қатысып, ән, би, күйден бақ сынасты. Біздің облыстың өнерпаздары ширек, жартылай финалда өзге өңірдің  өнерпаздарынан басым түсіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Алматылықтармен сынға түскен  Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі, әнші Нұржан Зұлпыхаров, күйші Шыңғыс Исаев бұл жолы да қазылар алқасының жоғары…

Read More