Ұшақ апатына қатысты айыпталған диспетчер 6 жылға түрмеге қамалды

333

АН-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталған әуежай диспетчері Қанат Ақылбеков 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Бүгін Абай аудандық сотында осы іске қатысты үкім оқылды.

0001Сотталушының кінәлі екеніне басты дәлелдердің бірі ретінде Ақылбековтың ұшақты 2150 биіктікте ұзақ ұстап тұруы себеп болғаны айтылды. Сондай-ақ, диспетчер ұшақ экипажына әуе кемесінің қону сызбасы мен жерге жақындығы туралы дер кезінде ақпарат бермеген деп айыпталды. Осылайша судья айыпталушыны сот залынан тұтқындап, оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Еске салайық, Шымкент түбінде АН-72 ұшағының апатқа ұшырауының кесірінен 27 адам қайтыс болған еді. Оның 20-сы — әскери қызметкер, жетеуі — экипаж мүшесі. Ұшақ апаты құрбандарының арасында шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бар еді.